Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1165 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2007 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1165 қаулысымен  
бекітілген  

  Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

      1. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму жөніндегі қызметтер.
      2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын "Солтүстік - Оңтүстік" транзиті бойынша бере отырып өндіру және сату.