Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 кыркүйектегі N 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1163 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836  қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
      көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі