Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1110 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2007 жылғы 20 қарашадағы
                                                N 1110 қаулысымен
                                                    бекітілген

      Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015
     жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
   2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)

Р/
с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындау
үшін
жауапты-
лар

Орындау
мерзімі

Бол-
жана-
тын
шы-
ғыс-
тар
(мың
тең-
ге)*

Қар-
жылан-
дыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Көшіп келу

1

Көшіп келушілерді
қазақстандық
қоғамға бейімдеу
және кіріктіру
жөніндегі шаралар
жүйесін әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині
(жинақ-
тау),
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкімдері

2008
жылғы
2-тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді

  

2

Өңірлерді, өңірлік
еңбек нарығын
демографиялық және
әлеуметтік-эконо-
микалық дамыту
мүддесін негізге
ала отырып, көшіп
келушілерді ұтымды
орналастыру тетігін
әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині
(жинақ-
тау),
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкімдері

2009
жылғы
2-тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді

  

2. Көшіп кету

3

Сыртқы көші-қон
үдерістеріне және
олардың елдің
әлеуметтік-эконо-
микалық дамуына
әсеріне талдау
жүргізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині
(жинақ-
тау), СА,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкімдері

Ақпан
жыл
сайын

Талап
етіл-
мейді

  

3. Ішкі көші-қон

4

Өңірдің экологиялық
ахуалына, атап
айтқанда, қолда бар
ауыз суға, қоршаған
ортаның ластануына,
сондай-ақ оның
әлеуметтік және
экономикалық
күйзелісіне
мониторинг жүргізу

Еңбекми-
ніне
ақпарат

Қоршаға-
нортамині
(жинақ-
тау),
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкімдері

Ақпан
жыл
сайын

Талап
етіл-
мейді

  

4. Заңсыз көші-қон

5

Украинамен, Ресей
Федерациясымен,
Орталық Азия
елдерімен
реадмиссия туралы
келісімдер жасау
мәселелерін
қарастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ІІМ
(жинақ-
тау),
СІМ,
Қаржымині,
ҰҚК
(келісім
бойынша),
Әділетми-
ні, ЭБЖМ,
БП
(келісім
бойынша)

2009
жылғы
қаңтар

Талап
етіл-
мейді

  

5. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету

6

Көші-қонға қатысты
мәселелер жөнінде
халықаралық
құқықтық шарттарға
талдау жүргізу
және ШЫҰ мен АӨСШК
қатысушы
мемлекеттер
арасында халықаралық шарттар
жасасу жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині
(жинақ-
тау), ІІМ

2008
жылғы
шілде

Талап
етіл-
мейді

  

7

Көші-қон
саласындағы ұлттық
заңнаманы Қазақстан
Республикасы
ратификациялаған
халықаралық
шарттардың
ережелеріне
сәйкестігі мәніне
талдау жүргізу
және халықаралық
шарттарға сәйкес
ұлттық заңнаманы
одан әрі жетілдіру
жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу

Әділетми-
ніне
ұсыныстар
 
Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Еңбекмині
(жинақ-
тау), СІМ

2009
жылғы
30
қаңтар

Талап
етіл-
мейді

  

8

"Босқындар туралы"
Қазақстан
Республикасы
Заңының жобасын
әзірлеу және
Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне енгізу

Заң жобасы

Еңбекмині
(жинақ-
тау), ІІМ,
ЭБЖМ

2008
жылғы
қараша

Талап
етіл-
мейді

  

6. Көші-қон үдерістерін институционалдық және
кадрлық басқару

9

Көші-қон
үдерістеріне
бағалау және
мониторинг жүргізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині

Ақпан
жыл
сайын

Талап
етіл-
мейді

  

10

Көші-қон
мәселелерімен
айналысатын
мемлекеттік
қызметшілердің
біліктілігін
арттыруды
қамтамасыз ету

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

Еңбекмині

2009-
2010
жылдар

2009
жыл -
555,9
мың
теңге
2010
жыл -
594,0
мың
теңге

Респу-
блика-
лық
бюджет

7 Көші-қон үдерістерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық
сүймелеу

11

БАҚ-та көші-қон
саясаты мәселелерін
жария етуді
қамтамасыз ету

Еңбекмині-
не ақпарат

МАМ

Қаңтар
жыл
сайын

Шы-
ғын-
сыз

Мемле-
кеттік
тапсы-
рыс
шеңбе-
рінде

      *2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджет»қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар   бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Республикасының Заңына сәйкес анықталатын болады.

Ескертпе :  аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині          - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                     әлеуметтік қорғау министрлігі
СІМ                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қаржымині          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МАМ                - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                     министрлігі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және
                     бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қоршағанортамині   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                     министрлігі
ҰҚК                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                     комитеті
Әділетмині         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БП                 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
СА                 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ШЫҰ                - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
АӨСШК              - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары
                     жөніндегі кеңесі
БАҚ                - Бұқаралық ақпарат құралдары