"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1097 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасында экономиканың шикізат емес секторының экспорттық әлеуетінің әр тараптандырылуын және дамуын қамтамасыз ететін өндірістің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы»19 қарашадағы
N 1097 қаулысымен  
бекітілген     

  "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы

  1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы  «      "Қазақстанның 30 корпоративтік
                             көшбасшысы" бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу «     "Қазақстан Республикасының экономикасын
үшін негізі                жаңғырту жөніндегі шаралар туралы"
                             Қазақстан Республикасы Президентінің
                             2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314
                             Жарлығының 3-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуші     Қазақстан Республикасы Экономика және
                             бюджеттік жоспарлау министрлігі

Бағдарламаның мақсаты      Ел экономикасының шикізаттық емес
                             секторының экспорттық әлеуетінің
                             әртараптандырылуын және дамуын
                             қамтамасыз ететін бизнес пен
                             мемлекеттің жаңа өндіріс орындарын
                             құрудағы және жұмыс істеп тұрғандарын
                             жаңғыртудағы күш-жігерін жұмылдыру

Бағдарламаның міндеттері   1. Қазақстанда өңірлік және әлемдік
                             ауқымдағы корпоративтік көшбасшыларды
                             қалыптастыру жолымен бәсекеге
                             қабілетті, экспортқа бағдарланған
                             салаларды және өндірістің шикізаттық
                             емес секторын құруға жәрдемдесу
                             2. Жағымды бизнестік орта мен
                             инвестициялық ахуалды қалыптастыру
                             3. Халықаралық стандарттар мен
                             бизнестің барабар талаптарына сәйкес
                             келетін бәсекеге қабілетті
                             индустриялық-инновациялық
                             инфрақұрылымдарды дамыту

Бағдарламаны іске асыру    2007 - 2030 жылдар
мерзімдері

Қажетті ресурстар және     Бағдарламаны іске асыру үшін
Бағдарламаны               Бағдарламаға   қатысушылардың, отандық
қаржыландыру көздері       және шетелдік инвесторлардың, екінші
                             деңгейдегі банктердің, мемлекеттік
                             холдингтердің, даму институттарының өз
                             қаражаты, республикалық және
                             жергілікті бюджеттердің
                             қаражаты тартылатын болады

Бағдарламаны               Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің  
іске асырудан              өңірлік және әлемдік нарықтарында
күтілетін нәтижелер        бәсекеге қабілетті корпорациялардың
                             қалыптасуы;
                             ЖІӨ құрылымындағы шикізат емес
                             секторлар үлесінің ұлғаюы;
                             шикізат емес экспорт көлемінің өсуі
                             және географиясының кеңеюі;
                             қазақстандық брендтердің қалыптасуы;
                             биржа саудасы жүйесінің дамуы,
                             компаниялардың әлемдік қор және тауар
                             биржаларына шығуы;
                             мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің
                             жұмыс істейтін тетігінің құрылуы және
                             дамуы;
                             шикізат емес секторлардағы еңбек
                             өнімділігінің ұлғаюы және ғылымды
                             қажетсінетін және энергиялық тиімді
                             өндірістердің дамуы;
                             инфрақұрылымдардың халықаралық
                             талаптарға сәйкес дамуы;
                             аралас салаларға арналған
                             мультипликативтік және синергетикалық
                             тиімділікке қол жеткізу

  2. Кіріспе

      "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314  Жарлығына сәйкес әзірленді.
      Бағдарлама перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл схемасын белгілейді. Осы құжатта:
      жобаларды дайындау мен іске асыруды мемлекеттік қолдаудың ықтимал шараларының толық тізбесі келтірілген;
      жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау тетігі белгіленген;
      барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл схемасы келтірілген;
      Бағдарламаны іске асыру мониторингінің тетігі айқындалған;
      Бағдарламаға енгізілген жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тетігі айқындалған.
      Мыналар Бағдарламаның негізгі қағидаттары болып табылады:
      транспаренттілік - Бағдарламаға қатысушылардың тізбесі, мастер-жоспарлар, өтінім берушілердің сауалдары, мемлекеттік қолдаудың бекітілген шаралары, мемлекет пен бизнес арасындағы меморандумдар, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар тиісті ережелерді қоспағанда, жобалар мониторингінің нәтижелері жариялануы тиіс; Бағдарлама шеңберінде шешімдер қабылдау барлық мүдделі тараптар қатысқан жағдайда алқалы түрде жүзеге асырылады;
      әріптестік - Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының негізінде жүзеге асырылады, онда мемлекет маркетингтік талдау жүргізуге, инфрақұрылымды құруға және дамытуға, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыруға ден қояды;
      тең қол жетімділік - отандық сияқты шетелдік компаниялар да Бағдарламаға қатысушы бола алады;
      Қазақстан Республикасында табыс орталығын ұйымдастыру - Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылған компаниялар Қазақстан Республикасының резиденттері болуы тиіс;
      трансферттілік (тарату әсері) - нормативтік құқықтық базаны (бизнес-ортаны жақсарту) жетілдіруге қатысы бар мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;
      сабақтастық - мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері мен Бағдарламада көрсетілген басқа да құралдарды, сондай-ақ өңірлік және өңіраралық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар да қолданатын болады;
      тәуекелдерді бөлу - негізгі инвестициялық тәуекелдерді жеке сектор өзіне алады;
      ұзақ мерзімділік - Бағдарламаның іс-әрекеті мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған.
      Осы Бағдарламада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Мемлекеттік комиссия «      "Қазақстан Республикасының экономикасын
                            жаңғырту жөніндегі шаралар туралы"
                            Қазақстан Республикасы Президентінің
                            2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығымен
                            бекітілген Қазақстан Республикасының
                            экономикасын жаңғырту мәселелері
                            жөніндегі мемлекеттік комиссия;
Уәкілетті орган             Бағдарламада белгіленген міндеттерді
                            шешу шеңберінде мемлекеттің мүддесін
                            білдіретін Қазақстан Республикасының
                            Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік
                            орган;
Бағдарламаның               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
оператор(лар)ы              қаулысына сәйкес Бағдарлама бойынша
                            функцияларды іске асыруға уәкілетті
                            заңды тұлға;
Сараптама кеңесі            Консультативтік кеңесші органның
                            функцияларын орындайтын, бизнестің,
                            бизнес қауымдастықтардың,
                            институционалдық инвесторлардың және
                            мүдделі мемлекеттік органдардың
                            өкілдерінен қалыптасқан,
                            Қазақстан Республикасы Премьер-
                            Министрінің өкімімен бекітілген
                            сарапшылар тобы;
Корпоративтік көшбасшы      Әлемдік және/немесе өңірлік нарықтарда
                            орнықты ұстаным алатын, экспортының
                            үлесі Қазақстан Республикасының
                            шикізаттық емес экспортының жалпы
                            көлемінің кемінде 2%-ын құрайтын
                            Бағдарламаға қатысушы;
Мастер-жоспар               Әрбір жоба бойынша алдын ала техника-
                            экономикалық негіздемені және
                            инвестициялық жобаларды табысты іске
                            асыру үшін заңнаманы жетілдіру
                            жөніндегі ұсынымдарды қамтитын
                            ықпалдасқан, өзара байланысты және
                            ілеспе өндірістер кешенін және
                            инфрақұрылым (заттай және зияткерлік)
                            құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Өтінім беруші               Бағдарлама шеңберінде инвестициялық
                            жобаны іске асыруға мүдделі заңды
                            тұлға;
Қатысушы                    Бағдарлама шеңберінде инвестициялық
                            жобаны іске асыратын заңды тұлға.
      Бағдарламаны ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін мынадай жұмыс жүргізілетін болады:
      Бағдарламаны іске асыруды қолдау веб-сайтын ашу, онда инвестициялық жобаларды іріктеудің, мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейі есептерінің, өтініштер беру тетіктері мен инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі өлшемдері егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады;
      отандық және шетелдік бизнестің қатысуымен конференциялар мен семинарлар өткізу;
      Бағдарламаның негізгі ережелерін жариялау және оны іске асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту.

  3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру кезеңінде мемлекеттік даму институттары экономиканың шикізаттық емес салаларындағы жеке меншік инвестициялық жобаларды қолдау жөнінде белгілі бір жұмыс жүргізді. Бұл ретте жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру, лизингтік қызметтер ұсыну, экспорттық операцияларды сақтандыру және тағы басқалары мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары болды.
      Алайда, қазіргі кезде экономиканың шикізат емес секторлары кірістілігі бойынша өндіруші сектормен және құрылыспен бәсекелесе алмайды. Бұдан басқа, өңдеуші секторларда инвестициялық белсенділікке елеулі теріс әсерін тигізетін бірқатар факторлар бар.
      Біріншіден, экономиканың шикізат емес секторларындағы жобалардың қайтарымдылығы көп уақыт алуы мүмкін екендігіне, ал өнімдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін едәуір инвестиция (осы заманғы өндірістік жабдықтар, технологиялар сатып алу, кадрларды оқыту) қажет ететініне байланысты осы секторлардың инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай төмендейді.
      Екіншіден, өндірістік инфрақұрылымның (темір жол инфрақұрылымы, электр энергетикасы мен электр тарату желілері, телекоммуникация қызметі, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және тағы басқа инфрақұрылымдар) және логистикалық орталықтардың нашар дамуы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне теріс ықпалын тигізеді.
      Үшіншіден, экспорттық операцияларды мемлекеттік әкімшілендірудің қолданыстағы жүйесі тиімді емес болып табылады және экономиканың шикізат емес экспортқа бағдарланған секторларына инвестициялардың тартымдылығын төмендетеді.
      Төртіншіден, өндіруші кәсіпорындардың көпшілігі тұтынушылардың орнықты желісін қалыптастырып үлгергендіктен және ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша міндеттемелермен байланысты болғандықтан, ішкі нарықта шикізат ресурстарының белгілі бір тапшылығы бар.
      Бесіншіден, білікті кадрлардың тапшылығы және көптеген әкімшілік кедергілердің болуы өндірісті ұйымдастырған кезде қосымша қиындықтар туындатады.
      Сыртқы нарықтарды жеңіп алуда трансұлттық корпорациялар (корпоративтік көшбасшылар) барынша ірі табысқа қол жеткізетіндігін, ал жаһандану және халықаралық қатал бәсекелестік жағдайында экономиканың шикізат емес секторларындағы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру көп жағдайларда мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегінсіз жүргізілмейтіндігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
      Форбс (Forbes) журналының деректеріне сәйкес 100 ірі корпорацияның ішінен тек 35 компания ғана мұнай емес және қаржылық емес секторларда операциялар жүргізеді. Сонымен қатар әлемнің ірі корпорациялары 15-20 жыл бұрын Батыс Еуропа, Америка Құрама Штаттары және Жапония елдерінің өкілдерінен құралса, 2006 жылы әлемнің 100 ірі корпорациясы арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Бразилия компаниялары болды. Бұл ретте Samsung Electronics Оңтүстік Корея компаниясы компаниялардың жалпы рейтингінде 63-орынды және шикізаттық емес және қаржылық емес компаниялардың арасында 19-орынды алады және әлемдегі ірі электртұрмыстық аспаптарды шығарушы болып табылады.
      Осы Бағдарлама жоғарыда көрсетілген проблемаларды экономиканың шикізат емес экспортқа бағдарланған секторларында инвестициялық жобаларды іске асыруды мемлекет пен бизнестің серіктестігі негізінде мемлекеттік ынталандырудың жаңа құралдарын әзірлеу және енгізу жолымен шешуге бағытталған.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты ел экономикасының шикізат емес секторының экспорттық әлеуетінің әртараптандырылуын және дамуын қамтамасыз ететін бизнес пен мемлекеттің жаңа өндіріс орындарын құрудағы және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртудағы күш-жігерін жұмылдыру болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері:
      1. Қазақстанда өңірлік және әлемдік ауқымдағы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру жолымен бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған салаларды және өндірістің шикізат емес секторын құруға жәрдемдесу.
      2. Қолайлы бизнестік орта мен инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
      3. Халықаралық стандарттар мен бизнестің барабар талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
      Корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру Бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесі болып табылады. Мынадай компаниялар корпоративтік көшбасшы болып танылады:
      экспорт үлесі Қазақстанның шикізаттық емес экспортының жалпы көлемінің кемінде 2% пайызын экспорт үлесі құрайтын;
      ішкі, өңірлік және/немесе әлемдік нарықтағы танымал»"брэнды" бар;
      ҒЗТҚЖ-да инвестициялардың жоғары деңгейі бар;
      Бағдарлама шеңберінде іске асырылған объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін, 3 жылдан кешіктірмей қор биржасында (ІРО) акцияларының бағамдауы бар;
      Бағдарламаны іске асырудың инвестициялық жобаларды іріктеу мен басқару бөлігінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің институционалдық тетіктерін жетілдіру, оларды іске асыруға қатысатын әрбір инвестордың үлесі мен қатысу шарттарын айқындау, сондай-ақ жұмыстың атқарылуы мен қызметтің түпкілікті нәтижелерін бөлу жауапкершілігі жанама әсері болып табылады.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

  5.1. Бағдарламаны іске асыру бағыттары

      Бағдарлама мемлекет пен бизнестің экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған секторларындағы бірлескен инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі екі бағытты қамтиды.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде перспективалы инвестициялық жобаларды іріктеудің базалық талаптары мыналар болып табылады:
      1. Мынадай секторларда жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторлар Бағдарламаға қатысушылар бола алады:
      Қазақстанда орын алған қайта бөлулерден кейінгі игеру жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру;
      экспортқа бағдарланған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту және құру;
      көлік-логистикалық орталықтарды дамыту.
      2. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін құрылатын компанияның жарғылық қоры іске асырылатын жобаның жалпы құнының 20% пайызынан кем болмауы керек.
      Бағдарламаны іске асыруды қолдау мақсатында мемлекет шикізаттық емес сектордың өсіп отыратын қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін концессиялық тетіктер негізінде инфрақұрылым объектілерін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Уәкілетті орган Бағдарлама және инфрақұрылымның тиісті жобалары шеңберіндегі жобаларды келісілген қаржыландыру тетігін әзірлейтін болады.

  5.1.1. Бірінші бағыт

      Бірінші бағыт бизнес іске асыруға ұсынатын инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Бұл жағдайда мемлекеттің рөлі жобаларды бағалаумен, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары мен көлемін айқындаумен және берумен тұжырымдалады. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты 2007-2010 жылдар кезеңіне есептелген.
      Кең ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекет пен бизнес ынтымақтастығының тиімді тетігін жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын экономикалық дамудың жаңа кезеңінің қажеттіліктеріне сәйкес келтіру осындай өзара іс-қимылдың нәтижелерінің бірі болды.
      Бірінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалық инвестициялық жобаларды түпкілікті іріктеу үшін мыналар қосымша талаптар болып табылады:
      жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің болуы;
      жобаның құны - кемінде 100 млн. АҚШ долл.;
      жобадан мультипликативтік және жүйе құрайтын әсердің болуы;
      жобаның экспортқа бағдарлануы - өндірілген өнімнің кемінде 30% экспортқа жіберілетін болады;
      қазіргі заманғы технологияларды пайдалану;
      өңірлердің мамандануымен өзара байланыс;
      жергілікті шикізатты және жинақтауыштарын пайдалану;
      жобаның өзін-өзі ақтауы - оң таза келтірілген құны (NРV) және басқа көрсеткіштерінің тиімділігі. Экономика секторларының бөлінісінде жобаларды іске асыру тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті мәнін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.

  5.1.2. Екінші бағыт

      Екінші бағыт жеке сектор мен мемлекеттің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған тауарларды (қызметтерді) айқындау жөніндегі бірлескен жұмысына негізделген. Жеке сектор мемлекетпен бірлесіп, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес экспортқа бағдарланған басым секторларында қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға шығуы үшін серпілісті шоғырландырылған әсерін қамтамасыз ететін ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру жөніндегі жобаларды айқындайды және іске асыратын болады. Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты 2008-2030 жылдар кезеңіне есептелген.
      Мыналар екінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалық инвестициялық жобаларға арналған қосымша талаптар болып табылады:
      тауардың (қызметтің) өмірлік циклын ескере отырып, әлемдік нарықтың экспорттық әлеуетінің және өсу перспективасының болуы;
      ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру перспективалары;
      жоғары қосылған құн;
      еңбекті аз қажетсіну;
      елдік бәсекелі басымдықтарының болуы.

  5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

  5.2.1. Бірінші бағытты іске асыру тетігі

      Бірінші бағытты іске асыру үшін мынадай тетік көзделген (1-қосымша):
      1. Өтініш беруші жобаны іске асыруға арналған алдын ала өтінімді Бағдарламаның операторына (операторларына) (бұдан әрі - Бағдарламаның операторы) береді. Өтінім нысанын және жобаны алдын ала қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесін Уәкілетті орган белгілейді. Бұл өтінімге жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі, ол мынадай ақпаратты қамтиды:
      жоба жөнінде жалпы ақпарат (жобаның атауы және өндірістің жұмыс істеу саласы, жобаның құны, өндірілетін өнімді сипаттау);
      жобаның құны;
      өндірістің сипаттамасы (өндірістік қуаттар, одан арғы ықтимал қайта бөлулер);
      сатудың болжамды құрылымы (экспорт, ішкі нарық);
      мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі;
      өзге де қажетті мәліметтер.
      2. Бағдарлама операторының өтінімді қарауы және жобаны алдын ала бағалауды жүзеге асыруы. Жобаның алдын ала бағалау нәтижелерін Сараптама кеңесінің қарауына шығару. Бағдарлама операторының жобаны алдын ала бағалаудың нәтижесін және Сараптама кеңесінің ұсынымдарын Уәкілетті органға беру.
      3. Уәкілетті органның ұсынысы бойынша алдын ала мақұлданған жобаның түпкілікті техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қажетті ақпарат жинауда мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың жәрдемдесуі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін дайындау.
      4. Өтінім берушінің жоба жөніндегі толық ақпаратты жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі түрінде Бағдарлама операторына беруі мыналарды қамтиды:
      жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары;
      жобаның қаржы-экономикалық моделі;
      жобаның қаржы-экономикалық моделі негізінде үш нұсқа бойынша (базалық, пессимистік, оптимистік) жобаны іске асырудың қаржы-экономикалық нәтижелерін бағалау;
      үлестік қатысу мөлшерін қоса алғанда, жобаны іске асыру құрылымы және басқа мәліметтер;
      инвестициялық жоба тиімділігінің, жобаның келтірілген құны (NРV) жоба кірістілігінің ішкі нормасы (ІRR), жобаның өзін-өзі ақтау кезеңі (РВР), табыстылық индексі (ТІ) сияқты көрсеткіштері, жобаны іске асыру тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
      мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі;
      SWOT-талдау;
      жобаны іске асыру тәуекелдерін бағалау;
      жобаның техникалық сараптамасы;
      жобаның экологиялық сараптамасы;
      жобаның құқықтық сараптамасы;
      жобаны іске асырудың сыртқы шарттарын бағалау;
      жобалау-іздестіру жұмыстарының барысында мыналар айқындалуы тиіс:
      жобаны іске асыру шеңберінде қажетті өндірістік объектілер мен инфрақұрылым объектілерінің тізбесі;
      қажетті шикізат көздері;
      өндірілетін өнімнің сапалық сипаттамалары;
      өндіріс көлемі;
      жобаны іске асыруға жұмсалатын күрделі шығындардың көлемі;
      өнімді өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарының көлемі.
      Қажетті құжаттардың толық тізбесін Уәкілетті орган айқындайды.
      Өтінім берушіде техникалық-экономикалық негіздемені қоса алғанда, жоба бойынша құжаттардың толық жиынтығы болған жағдайда, осы кіші бөлімнің 1-3-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру талап етілмейді және осындай жоба бойынша өтінім осы кіші бөлімінің 4-тармағына сәйкес беріледі.
      5. Жобаны бағалауды Бағдарлама операторы жүзеге асырады.
      6. Бағдарлама операторы жобаға өтінім берушімен және Уәкілетті органмен бірлесіп, жобаның параметрлерін талдайды және мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін бағалайды. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін есептеу әдістемесін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін есептеу кезінде жобаны іске асырудан түсетін салықтық түсімдердің болжамды көлемі және өтініш беруші ұсынған әлеуметтік міндеттемелердің көлемі ескерілетін болады.
      7. Бағдарлама операторы тиісті ұсынымдарды алу үшін жобаны бағалау нәтижелерін, мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін Сараптама кеңесінің қарауына шығарады.
      8. Уәкілетті орган Бағдарлама операторымен бірлесіп, әрбір жоба бойынша "жобаның паспортын" жасайды, ол мыналарды қамтиды:
      жобаның жалпы сипаттамасы;
      жобаның тиімділік көрсеткіштері;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерін есептеу (кесте нысанда);
      жобаны іске асырудан түсетін салықтық түсімдердің болжамды көлемі;
      мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын деңгейі;
      Сараптама кеңесінің ұсынымдары.
      9. Уәкілетті орган перспективалы жобаларды "жобалар паспорттары" қосымшасымен бірге Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.
      10. Мемлекеттік комиссия жобаны іске асырылатын жобалар тізбесіне енгізу жөніндегі шешімді қарайды және қабылдайды және әрбір жоба бойынша мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін айқындайды.
      11. Уәкілетті орган Бағдарлама операторымен және жобаға қатысушымен меморандум жасасады, онда:
      тиімділік көрсеткіштерін қоса алғанда, жобаның негізгі сипаттамасы;
      жобаны іске асыру мерзімдері;
      мемлекеттің және бизнестің міндеттемелері, оның ішінде әлеуметтік;
      міндеттемелердің орындалмағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
      жобаны түзету тетігі;
      жобадан шығу шарттары;
      бірлескен жобаны табысты іске асыру үшін қажетті басқа да жағдайлар көрсетіледі.
      Меморандумның нысанын Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Жобаны түзетуді жүзеге асырудың жалпы тәртібін және Бағдарламаға қатысушының жобадан шығу шарттарын айқындауды Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
      12. Мемлекеттің жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелері мемлекеттік қолдау жасаудың нақты тетіктері мен мерзімдері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ресімделеді. Осы қаулыда сол сияқты нормативтік құқықтық базаның келісілген өзгерістері мен толықтыруларын барлық экономикалық қызмет субъектілеріне қолдану жөнінде шешім қабылданады.
      13. Уәкілетті орган Бағдарлама операторының ұсынысы бойынша жобаны мемлекеттік қолдауға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырады.
      Жоба аяқталған соң және объекті іске қосылғаннан кейін мемлекет өзінің жарғылық капиталға қатысу үлесін қор биржаларында сататын болады. Мемлекетке тиесілі акцияларды сатуға жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыратын компания корпоративтік көшбасшы өлшеміне қол жеткізгеннен кейін немесе Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүмкін болады.

  5.2.2. Екінші бағытты іске асыру тетігі

      Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде мастер-жоспарлар түріндегі нақты инвестициялық жобалар әзірленетін болады. Екінші бағытты іске асыру тетігі мынадай дәйектілікті көздейді (2-қосымша):
      1. Мемлекет жеке сектормен бірлесіп нақты тауарларды (қызметтерді) бөле отырып, экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған басым секторларын айқындайтын болады.
      2. 5.1.2-кіші бөлімде жазылған қосымша өлшемдердің негізінде іріктелген және салалық стратегияларға сәйкес келетін перспективалы тауарлар (қызметтер) тізбесін Мемлекеттік комиссия мақұлдайтын болады.
      3. Уәкілетті орган әрбір бекітілген тауар (қызмет) бойынша Бағдарламаның операторымен, Сараптама кеңесімен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, мастер-жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Мастер-жоспарлар кіріктірілген, өзара байланысты және ілеспе өндірістер мен инфрақұрылымдарды құру үшін жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түрінде берілетін болады, оған:
      өңірлердің мамандануын ескере отырып, өндірістік кешеннің ұсынылатын орналасқан жері;
      өндірістерді құру кезеңділігі мен дәйектілігі;
      жобалардың қаржы-экономикалық модельдері;
      табыстылығының ішкі нормасы (IRR), келтірілген таза құны (NРV), ақтау кезеңі, сондай-ақ жобалар тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
      қажетті индустриялық-инновациялық инфрақұрылым (электр энергиясы, көлік инфрақұрылымы, көлік-логистикалық орталықтар, зертханалар) және олардың қазіргі қолда бар инфрақұрылым желілеріне кіріктірілуі;
      өнімді өткізудің ықтимал нарықтары мен дистрибуциялар арналары;
      мамандану бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің есебі, сондай-ақ жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
      мемлекеттік қолдаудың ықтимал көлемі;
      инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қажет басқа да факторлар кіреді.
      4. Уәкілетті орган мастер-жоспарды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      5. Бағдарламаның операторы бекітілген мастер-жоспарлар базасында әрбір жоба бойынша ашық конкурстар өткізеді.
      6. Өтініш беруші Бағдарламаның операторына түпкілікті техникалық-экономикалық негіздеме мен мастер-жоспарда ерекше көзделген мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары мен көлемдері бойынша ұсыныстар береді.
      7. Уәкілетті орган мен Бағдарламаның операторы Сараптама кеңесімен бірлесіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне бағалау жүргізеді және мемлекеттік қолдау, оның ішінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мүмкіндігін бағалайды. Жобаны бағалаудың нәтижелері және мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын деңгейі Сараптама кеңесінің қарауына шығарылады.
      8. Уәкілетті орган Бағдарламаның операторымен бірлесіп әрбір жоба бойынша»"жобаның паспортын"»жасайды, оған жобаның негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі қамтылады.
      9. Уәкілетті орган»"жобалар паспорттарының" қосымшасымен бірге жобаларды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      10. Мемлекеттік комиссия жобалар мен мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін мыналарды ескере отырып, мақұлдайды:
      жобаны іске асыруға жеке сектордың үлесі;
      бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесі;
      жобаның табыстылығы мен тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
      жобаны іске асыру мерзімі мен құны.
      11. Уәкілетті орган Бағдарламаның операторымен және жобаға қатысушымен меморандум жасасады, онда:
      тиімділік көрсеткіштерін қоса алғанда, жобаның негізгі сипаттамалары;
      жобаны іске асыру мерзімі;
      мемлекет пен бизнестің міндеттемелері, оның ішінде әлеуметтік;
      тараптардың міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілігі;
      жобаны түзету тетігі;
      жобадан шығу шарттары;
      бірлескен жобаны табысты іске асыру үшін қажетті басқа да жағдайлар көрсетіледі.
      Меморандумның нысанын Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Жобаны түзетуді жүзеге асырудың жалпы тәртібі мен бағдарламаға қатысушының жобадан шығу шарттарын белгілеуді Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
      12. Мемлекеттің жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелері мемлекеттік қолдауды ұсынудың нақты тетіктері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ресімделеді. Осы қаулыда сол сияқты нормативтік құқықтық базаның келісілген өзгерістері мен толықтыруларын барлық экономикалық қызмет субъектілеріне қолдану жөнінде шешім қабылданады.
      13. Уәкілетті орган Бағдарлама операторының ұсынысы бойынша жобаны мемлекеттік қолдауға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
      Жоба аяқталған соң және объект пайдалануға тапсырылғаннан кейін мемлекет өзінің жарғылық капиталға қатысу үлесін қор биржаларында сататын болады. Мемлекетке тиесілі акцияларды іске асыруға жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыратын компания корпоративтік көшбасшы өлшеміне қол жеткізгеннен кейін ғана немесе Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүмкін болады.

  5.3. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары

      Мыналар мемлекеттік қолдаудың шаралары болып табылады:
      мемлекеттің жобаны қаржыландыруға қатысуы - жобаның жалпы құнының 50%-ынан аспайды;
      жобаны іске асыру үшін құрылатын компанияның жарғылық капиталына қатысу - 50%-дан аспайды алу 1 акция, бірақ жобаны қаржыландыруда қатысу үлесінен кем емес;
      ұзақ мерзімді қарыздар беру;
      мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелер беру;
      қолданыстағы заңнама шеңберінде салықтық және кедендік преференциялар беру;
      қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және/немесе мемлекеттік инфрақұрылымдық компаниялардың жобасына қатысу;
      экспорттық операцияларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, оның ішінде сауда-саттық келісімдері шеңберінде саяси қолдау;
      жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті көлемде бейінді шикізат кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру не қажетті кен орындарын дайындауды ұйымдастыру және жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін шикізат беру;
      әкімшілік кедергілерді жою (азайту), оның ішінде қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге де рұқсаттар беру, жобаны іске асыруға және өндірістің одан әрі жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кедендік рәсімдерден өту және салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату бөлігінде;
      білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде білім беру объектілерін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар қалыптастыру есебінен қамтамасыз ету;
      ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жобаны іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп қаржыландыру;
      мемлекеттік тапсырыстар беру;
      лицензиялар мен патенттерді кейіннен Бағдарламаға қатысушының пайдалануына беру мақсатында оларды сатып алу;
      жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу.
      Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың жиынтық деңгейі жобаның жалпы құнынан аспауы тиіс, бұл өз кезегінде өзіне көптеген өзара байланысты және ілеспе өндірістерді қамтитын өндірістік кешендердің дамуын ынталандыратын болады.

  5.4. Бағдарламаның іске асырылуына тікелей қатысатын органдар

      Мемлекеттік комиссия
      Мемлекеттік комиссияның қызметі мыналарды білдіреді:
      перспективалы салалар мен өнімдердің тізбесін, мастер-жоспарларды және нақты инвестициялық жобаларды мақұлдау;
      экономика секторлары бөлінісінде жобаларды іске асыру тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті маңыздарын мақұлдау;
      жобалар бойынша мемлекеттік қолдау деңгейін есептеу әдістемесін мақұлдау;
      мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін айқындау;
      Бағдарлама операторының жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерін қарау;
      жобаларды түзету мен тараптардың жобалардан шығуының жалпы тәртібін мақұлдау;
      жобалардың мониторинг әдістемесін мақұлдау;
      мемлекет пен бизнестің жобаларды іске асыру бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау барысын бақылау;
      осы Бағдарлама ережелерінен туындайтын өзге де шешімдер қабылдау.
      Уәкілетті орган
      Уәкілетті органның қызметі мыналарды білдіреді:
      экономика секторларының бөлінісінде жобалардың іске асырылу тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті мәндерін әзірлеу;
      жобаларды іріктеу бойынша егжей-тегжейлі өлшемдерді әзірлеу және бекіту;
      жобаларды алдын ала қарау үшін өтінімдер нысандары мен құжаттар тізбелерін бекіту;
      жобаларды түпкілікті бағалау үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін бекіту;
      мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейінің есептеу әдістемесін әзірлеу;
      Бағдарлама операторы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу;
      Бағдарлама жобалары мен инфрақұрылымдардың тиісті жобаларын келісілген қаржыландыру тетігін әзірлеу;
      жобаларды түзетудің жалпы тәртібі мен тараптардың жобалардан шығуын айқындау;
      үлгі меморандумын әзірлеу;
      Сараптама кеңесімен жобаларды және олардың мемлекеттік қолдау деңгейін келісу;
      Бағдарлама операторымен бірлесіп»жобалардың "паспорттарын" жасау;
      жеке сектормен және тәуелсіз сыртқы сарапшылармен бірлесіп, экономиканың басым секторлары мен нақты тауарларды (қызметтерді) айқындауға қатысу;
      мастер-жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
      Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келетін жобаларды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу;
      мемлекет пен бизнес арасындағы меморандумға мемлекет атынан қол қою;
      мемлекеттік қолдауға бюджет өтінімдерін қалыптастыру;
      жобалар мониторингі әдістемесін әзірлеу.
      Бағдарламаның операторы
      Мемлекет пен жеке бизнес арасында диалог құру жөніндегі маңызды рөл Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Бағдарлама операторына берілген. Жобаларды іріктеу және іске асыру шеңберінде»"жалғыз терезе" қағидаты пайдаланылатын болады, мұнда жеке бизнес Бағдарлама операторына өтінім береді және одан әрі барлық іс-әрекет Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады, бұл барлық рәсімдердің барынша түсінікті және ашық болуына мүмкіндік береді. Бағдарлама операторының қызметі мыналарды білдіреді:
      бизнеске Бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру;
      жобаларды бағалау бойынша егжей-тегжейлі өлшемдер әзірлеу;
      жеке сектор өтінімін жинау және бастапқы қарау;
      жобаның іске асырылу орындылығын, жобадан алынатын әсерді және мемлекеттік қолдаудың тиімді пакетін талдау;
      Уәкілетті органмен бірлесіп "жобалардың паспорттарын" құру;
      Уәкілетті органға бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін сұрау салуды беру;
      инвестициялық жобаларды іске асыру (жеке сектормен бірлесіп);
      жобалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру және жобалардың іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерді Уәкілетті орган мен Мемлекеттік комиссияның қарауына ұсыну;
      Мемлекеттік комиссияны жобадағы өзгерістер туралы (жобаның құны, іске асыру мерзімдері) олардың себептерін көрсете отырып, жедел хабардар ету;
      жобаларды іске асыру кезіндегі проблемалар туралы есепті қалыптастыру.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды Бағдарламаны іске асыру үдерісіне тарту үшін Уәкілетті орган жобаларды іріктеу, іске асыру және олардың мониторингі кезінде Бағдарлама операторы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайтын болады. Бұдан басқа, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік және өңіраралық маңызы бар құны 100 млн. АҚШ долларынан кем жобаларды іске асыруы үшін Үкімет тиісті бағдарлама бекітетін болады.
      Сараптама кеңесі
      Мемлекеттік қолдауды бөлудің орындылығы мен әділдігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында консультативтік-кеңесші орган ретінде Сараптама кеңесі қалыптастырылатын болады, оның құрамына бизнестің, салалық қауымдастықтар мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіреді. Осылайша, Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын барлық жобалар Мемлекеттік комиссияның қарауына дейін Сараптама кеңесімен келісілетін болады.

  5.5. Бағдарламаның іске асырылу барысының мониторингі

      Мониторинг мынадай кезеңдерден тұрады:
      пайданың, экспорттық табыстың, салықтық төлемдердің жобаны іске асыру тиімділігінің басқа да көрсеткіштерінің жоспарланған және нақты деңгейі арасындағы алшақтықтарды айқындау;
      күнтізбелік жоспар мен жобаның бюджетін іске асырудағы алшақтықтарды айқындау;
      осы алшақтықтардың себептерін анықтау;
      оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
      Жобаларды іске асыру мониторингінің жүйесі тоқсан сайынғы негізде ұйымдастырылатын болады.
      Жобалардың мониторингі әдістемесін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
      Бағдарламаларды іске асыру кезінде мүмкін болатын жүйелі қауіп-қатерлерді ескеру қажет.
      Біріншіден, мемлекеттік қолдауды тоқтатқаннан кейін әлемдік және өңірлік нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алмайтын тиімсіз жобаларды таңдау және іске асыру ықтималдығы бар.
      Екіншіден, қосымша өндірістік, әлеуметтік және зияткерлік инфрақұрылымның құрылысы инвестицияның үлкен көлемін болжайды, бірақ жобаларды сәтсіз іске асырған жағдайда бұл инфрақұрылым өзін-өзі ақтамайтын болады.

  6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыру үшін Бағдарламаға қатысушылардың, отандық және шетелдік инвесторлардың, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының өз қаражаттары, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты тартылатын болады.
      Ілеспе инфрақұрылымның құрылысын және жобалардағы мемлекеттің қатысу үлесін қаржыландыру үшін мемлекеттік қолдау шараларының шеңберінде орта мерзімді кезеңге арналған тиісті бюджеттік бағдарламалар қалыптастырылатын болады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелер алынады деп күтілуде:
      Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтарында бәсекеге қабілетті корпорациялардың қалыптасуы;
      ЖІӨ құрылымындағы шикізаттық емес сектор үлесінің ұлғаюы;
      шикізат емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының кеңеюі;
      қазақстандық брендтердің қалыптасуы;
      биржа саудасы жүйесінің дамуы, компаниялардың әлемдік қор және тауар биржаларына шығуы;
      мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің жұмыс істейтін тетігінің құрылуы және дамуы;
      шикізат емес секторлардағы еңбек өнімділігінің ұлғаюы және ғылымды қажетсінетін әрі энергиялық тиімді өндірістердің дамуы;
      инфрақұрылымдардың халықаралық талаптарға сәйкес дамуы;
      аралас салаларға арналған мультипликативтік және синергетикалық әсерге қол жеткізу.
      Корпоративтік көшбасшылардың бағалы қағаздарын орналастыру Қазақстандағы қор нарығының дамуына серпін береді: нарыққа қатысушы заңды және жеке тұлғалар белсенділігінің ұлғаюы, қор нарығы көлемінің өсуі. Корпоративтік көшбасшылардың Еуропаның, Американың және Азияның қор нарығына шығуы Қазақстанға инвестицияның қосымша ағынын тартады.

         8.»"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы"
  бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/
с
N
Іс шаралар Аяқ-
талу
нысаны
Жауап-
ты
орын-
даушы-
лар
Орындау
мерзімі
Бол-
жамды
шы-
ғыс-
тар
Қаржы-
лан-
дыру
көзі
1 2 3 4 5 6 7

1

Жобаларды алдын
ала қарауға
арналған өтінім
нысанын және
құжаттардың
тізбесін әзірлеу

ЭБЖМ
бұй-
рығы

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


2

Жобаларды
түпкілікті
бағалау үшін
қажетті
құжаттардың
тізбесін әзірлеу

ЭБЖМ
бұй-
рығы

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


3

Сараптама
кеңесін құру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сы
Пре-
мьер-
Минис-
трінің
өкімі

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


4

Жобаларды іріктеу
жөніндегі егжей-
тегжейлі елшем-
дерді әзірлеу

ЭБЖМ
бұй-
рығы

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


5

Экономика
секторларының
бөлінісінде
жобаларды іске
асыру тиімділігі
көрсеткіштерінің
нақты шекті
мәндерін әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,
ИСМ,
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


6

Жобалар бойынша
мемлекеттік
қолдаудың ықтимал
деңгейін есептеу
әдістемесін
әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


7

Бағдарлама
жобалары мен
тиісті
инфрақұрылым
жобаларын келісіп
қаржыландыру
тетігін әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,
ИСМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


8

Уәкілетті орган,
Бағдарламаның
операторы және
жобаға қатысушы
арасындағы
меморандумның
үлгі нысанын
әзірлеу

Мемо-
ран-
думның
үлгі
нысаны

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


9

Жобаны түзетуді
жүзеге асырудың
жалпы тәртібін
және Бағдарламаға
қатысушының
жобадан шығу
шарттарын әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


10

Жоба
мониторингінің
әдістемесін
әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


11

Нормативтік
құқықтық базаның
өзгеруі туралы
ақпарат және оны
жетілдіру жөнін-
дегі ұсынымдар

Үкі-
метке
есеп

ЭБЖМ,
ИСМ,
Әді-
лет-
мині,
ККМ,
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

Тоқсан
сайын,
2008-
2015
жылдар

Талап
етіл-
мейді


12

Бағдарлама
операторы мен
әлеуметтік-
кәсіпкерлік
корпорациялардың
жобаларды
іріктеу, іске
асыру және
мониторингі
кезіндегі өзара
іс-қимыл тетігін
әзірлеу

ЭБЖМ
бұй-
рығы

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ,
ӘКК

2008
жылғы
ақпан

Талап
етіл-
мейді


13

Нақты тауарларды
(қызметтерді)
көрсете отырып,
экономиканың
шикізат емес
экспортқа
бағдарланған
басым салаларын
айқындау

МК
шешімі

ЭБЖМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2008
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


14

Мастер-жоспарлар
әзірлеу

МК
шешімі

ЭБЖМ,
ИСМ,»
"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ

2009
жылғы
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


   Ескертпе :
МК       - Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
           мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
ЭБЖМ     - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
           жоспарлау министрлігі;
ИСМ      - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
"Қазына" ОДҚ" АҚ -»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы;
ӘКК      - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация.

                                                          1-қосымша

      Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру тетігі

        ________________________________________________________________
|                     Жобаларды іріктеу                          |
|  ____________    ____________                  _____________   |
| |  Өтінім    |  | Бағдарлама |   __________   |  Өтінім     |  |
| |  беруші    |  | операторы  |  |Ақпараттар|  |беруші       |  |
| |Уәкілетті   |  |  және      |  |жинауға   |  |Уәкілетті    |  |
| |орган бекіт-|->| Сараптама  |->|жәрдемдесу|->|органның     |  |
| | кен нысан  |  |   кеңесі   |  |туралы ҚРҮҚ* | тізбесіне   |  |
| |бойынша     |  |            |  |__________|  |  сәйкес     |  |
| |алдын-ала   |  |  Өтінімді  |                |жоба бойынша |  |
| |өтінім      |  |   қарау    |                |толық құжат- |  |
| |____________|  |____________|                |тама беру    |  |
|                                               |_____________|  |
|         ____________________________________________________|  |
|        |                                                       |
|        V                                                       |
|  ____________    ____________    ____________    ____________  |
| |Бағдарлама  |  |Бағдарлама  |  |Уәкілетті   |  |Уәкілетті   | |
| | операторы  |  |операторы,  |  |орган, Са-  |  |орган және  | |
| |            |->|Уәкілетті   |->|раптама     |->|Бағдарлама  | |
| |Жобаны      |  |орган       |  |кеңесі      |  |операторы   | |
| |бағалау     |  |Жобаның пара-| |Шаралар мен |  |"Жоба пас-  | |
| | ___________|  |метрін қарау|  |мемлекеттік |  |портын дай- | |
|                 |және мемле- |  |қолдау көле-|  |ындау       | |
|                 |кеттік қол- |  |мін келісу  |  |____________| |
|                 |дау деңгей- |  |____________|                 |
|                 |ін анықтау  |                                 |
|                 |____________|                                 |
_________________________________________________________________|
                                 |
         ________________________|
        |
        V
  ____________
|Мемлекеттік |
|комиссия    |
|Жобаларды   |
|таңдау және |
|мемлекеттік |________________________
|қолдаудың   |                        |
|деңгейін    |                        |
|бекіту      |                        |
|____________|                        V
               ________________________________________________
              |                 Жобаны іске асыру              |
              | _____________    ____________    ____________  |
              ||Мемлекеттің   | |Мемлекет пен|  |Уәкілетті   | |
              ||міндеттемелері| |бизнес      |  |органның    | |
              ||бойынша ҚРҮҚ  | |арасындағы  |  |бюджеттік   | |
              ||______________| |меморандум  |  |өтінімді    | |
              |                 |____________|  |дайындау    | |
              |                                 |____________| |
              |________________________________________________|

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

                                                          2-қосымша

        Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру тетігі

__________________     ___________________________________________
Мастер-жоспарлар     |     Ашық конкурстар өткізу                 |
әзірлеу              |                                            |
_________________   | __________      __________    __________   |
|Мемлекет және же-|  || Өтінім    |   |Бағдарлама|  |Уәкілетті |  |
|ке меншік сектор |  ||беруші     |   |операторы |  |орган және|  |
|_________________|  ||Жобаның    | ->|және Сар- |->|Бағдарлама|  |
|N 1. Экономиканың|  ||түпкілікті | | |аптама ке-|  |операторы |  |
|басым секторларын|  ||ТЭН және   | | |ңесі      |  |"Жоба пас-|  |
|анықтау          |  ||қосымша ме-| | |Жобаның   |  |портын"   |  |
|                 |  ||млекеттік  | | |ТЭН бағалау| |дайындау  |  |
|_________________|  ||қолдауға   | | |__________|  |          |  |
|N 2. Перспектива-|->||сұрау салу | |  ____________ |__________|  |
|лы тауарлар мен  |  ||           |-> |Уәкілетті   |  ^           |
|қызметтерді таң- |  ||__________ |   |орган және  |--|           |
|таңдау           |  |                |Сараптама   |              |
|_________________|  |                |кеңесі      |              |
|N 3. Әрбір персп-|  |                |Қосымша мем-|              |
|ективалы тауарлар|  |                |лекеттік    |              |
|мен қызметтерге  |  |                |қолдау көр- |              |
|кіріктірілген    |  |                |сету жөнін- |              |
|өнімдер кешенін  |  |                |дегі сұрау  |              |
|құру жөнінде іс- |  |                |салуды      |              |
|шаралар жоспарын |  |                |өңдеу       |              |
|әзірлеу          |  |                |____________|              |
|                 |  |                      |                     |
|                 |  |           _____________________            |
|                 |  |          |Мемлекеттік комиссия |           |
|_________________|  |          |Жобаны және мемлекет-|           |
       |             |          |тік қолдау деңгейін  |           |
       V             |          |бекіту               |           |
_________________   |          |_____________________|           |
|Мемлекеттік коми-|  |____________________________________________|
|ссия N 1-3       |                        |
|жұмыстардың      |                        |
|нәтижелерін      |                        |
|бекіту           |                        |
|_________________|                        |
                                           V
               ________________________________________________
              |                 Жобаны іске асыру              |
              | _____________    ____________    ____________  |
              ||Мемлекеттің   | |Мемлекет пен|  |Уәкілетті   | |
              ||міндеттемелері| |бизнес ара- |  |органның    | |
              ||бойынша ҚРҮҚ* | |сындағы     |  |бюджеттік   | |
              ||______________| |меморандум  |  |өтінімді    | |
              |                 |____________|  |дайындауы   | |
              |                                 |____________| |
              |________________________________________________|

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы