"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 877 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы"13 қарашада N 1081 қаулысына қосымша |
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2017 № 613 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с | Қаржы құралының түрі |
1 | 2 |
1. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан кем емес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда) |
2. | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он бес пайызынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері |
3. | Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары |
4. | Агенттiк облигациялар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер шығарған, қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын облигациялар |
5. | Агенттік облигациялар, Қаржы құралының немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттiк облигациялар, корпоративтік облигациялар |
6. | Кері РЕПО мәмілелері. Кері РЕПО мәмілесі бойынша кепілзат ретінде болатын қаржы құралдарының мүмкін болатын ең жоғары үлес салмағына сәйкес келеді. |