Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоксандағы N 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1059 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  406-қосымшада :
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту";
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы»"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: "1) қор  биржасының акцияларын сатып алу; 2) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі" АҚ Ұлттық рейтинг агенттігін құру; 3) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы" АҚ қор нарығы институтын құру; 4) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; 5) ғимарат (офистік үй-жай) сатып алу.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Биржаны коммерциализациялау жөніндегі іс шараларды жүзеге асырғаннан кейін "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның акцияларын сатып алу, ағымдағы қор нарығы инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін базалық алғышарт жасау,»"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      Соңғы нәтиже: Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен кірігуі, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: биржаны басқару мен дамытуға қатысу; коммерциялық негізде сапалы бәсекеге қабілетті рейтинг қызметтерін ұсыну; коммерциялық негізде қор нарығының халықаралық деңгейге сай жоғары білікті мамандар даярлау жөнінде қызметтер көрсету.
      Уақтылылық: іс-шараларды белгіленген кестелерге сәйкес уақтылы орындау.
      Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру мен дамыту, жаңа қаржы құралдарының айналымы үшін негіз жасау.".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі