Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1047 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері»туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы№438  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 6«қарашадағы 
N 1047 қаулысымен  
      бекітілген   

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 438 қаулысымен  
бекітілген    

  Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары болады.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілсе, Агенттік мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болады.

      6. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының не оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: почталық индексі 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау,»"Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Агенттіктің толық атауы -»"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" мемлекеттік мекемесі. Агенттіктің қысқартылған атауы - "Қазғарыш".

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге   асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

       14.   Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
      4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
      5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын жасау;
      6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      8) өз құзыреті шегінде "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясына жалға беру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

      15. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) республикадағы ғарыш қызметінің даму жағдайы мен болжамына және ғарыш техникасы мен технологиясы дамуының әлемдік үрдістеріне талдау жүргізеді;
      2) ғарыш қызметін дамытудың басымды бағыттары жөнінде, сондай-ақ ғарыш қызметі саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      3) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттар жасасады;
      4) ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
      5) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      6) Қазақстан Республикасы ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
      7) Ресей Федерациясы»"Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырулардың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындауды және оны іске асыру мониторингін ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының»"Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      9) ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар қызметіне талдау жүргізеді;
      10) "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі,»"Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттардың іске асырылуы жөніндегі мәселелер бойынша ресей тарабымен белгіленген тәртіппен өзара әрекет етуді жүзеге асырады;
      11) ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      12) "Байқоңыр" кешенінің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерін белгіленген тәртіппен шешуді қамтамасыз етеді;
      13) ғарышкерлерді даярлау, ғарыш қызметі саласында кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
      14) мемлекеттің қатысуымен ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымдардың басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіруді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
      15) ғарыш қызметі саласында заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      16) ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені жөніндегі халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      17) Ресей Федерациясы жалға алған»"Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүлкінің сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асырады;
      18) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

      16. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
      1) орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

  3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      17. Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін төраға  Агенттікке басшылықты жүзеге асырады.

      18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Агенттік төрағасының орынбасарлары болады.

      19. Агенттік төрағасы:
      1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
      2) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
      3) Агенттіктің жыл сайынғы даму жоспарларын бекітеді;
      4) Агенттік алқасының және ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және олардың мәжілістерінде төрағалық етеді;
      5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама соғады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соқпайды.

      22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді.

      23. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік төрағасы ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Агенттік қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде штат санын бекітеді;
      5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Агенттіктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
      7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерінің іссапар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
      11) Агенттік Төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
      12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      13) орган жұмысының жыл сайынғы жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттік төрағасына бекітуге ұсынады;
      14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Агенттік төрағасына Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін бюджеттік өтінім беруді, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      15) Агенттіктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және төрағамен келіскеннен кейін бекітеді;
      16) Агенттік регламентін және ғарыш қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда өз құзыреті шегінде Агенттікті білдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Агенттік төрағасының актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін мыналарға құқылы:
      1) Агенттіктің қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданымдағы құқықтық актілер қабылдауға.

      25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты.

      26. Агенттік төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттік алқасының сандық, дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Агенттік төрағасы бекітеді.

      27. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктерін Агенттіктің регламенті мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер белгілейді.

  4. Агенттіктің мүлкі

      28. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

      29. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      30. Агенттіктің, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, смета бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекітіп берілген мүлікті өздігімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
      Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке иелік ету құқығы беріле алады.

  5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.