"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1036 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 2 қарашадағы
N 1036 қаулысына 
қосымша      

"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы

Оразбақов                   - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы              Индустрия және сауда министрі

Ноғаев                      - Батыс Қазақстан облысы
Нұрлан Асқарұлы               әкімінің орынбасары

Әбдібеков                   - Ақтөбе облысы әкімінің
Нұрмұхамбет Қанапияұлы        орынбасары

Тәшенов                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бақытбек Хәкімұлы             министрлігінің Мемлекеттік
                              мүлік және жекешелендіру
                              комитеті төрағасының орынбасары

Шоқпытов                    - "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Андар Мәулешұлы               корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                              акционерлік қоғамының басқарма
                              төрағасы

Бейсенбетов                 - Қазақстан-Британ техникалық
Ескендір Қалыбетұлы           университетінің ректоры,
                              экономика ғылымдарының докторы

Марченко                    - "Ақтөбе облысының кәсіпкерлері
Анатолий Николаевич           мен жұмыс берушілерінің одағы"
                              қоғамдық ұйымының директоры,
                              "Атамекен" Одағы" ұлттық
                              экономикалық палатасының мүшесі

Мұхитденнов                 - "Дастан" жауапкершілігі шектеулі
Марат Зайләгиұлы              серіктестігінің бас директоры,
                              Батыс Қазақстан облысының
                              "Атамекен" Одағы" ұлттық
                              экономикалық палатасының мүшесі