Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 74-ө өкімі;
      2) "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 116-ө өкімі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 қазандағы
N 1006 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары,
                           төраға

Оразбақов                - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы           Индустрия және сауда министрі,
                           төрағаның орынбасары

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы         Қорғаныс министрі

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы        Энергетика және минералдық
                           ресурстар министрі

Тәжин                    - Қазақстан Республикасының
Марат Мұханбетқазыұлы      Сыртқы істер министрі

Кәрбозов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы    министрлігі Кедендік бақылау
                           комитетінің төрағасы;

      көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.27 N 1689 Қаулысымен.
      3 - 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      5. "Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары,
                           төраға

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы          Әділет вице-министрі

Мусин                    - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы       Туризм және спорт вице-министрі

Қазыханов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Ержан Хозеұлы              істер министрінің орынбасары

Құрманов                 - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметқариұлы       Еңбек және халықты әлеуметтік
                           қорғау вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы           Экономика және бюджеттік
                           жоспарлау вице-министрі

Ақышев                   - Қазақстан РеспубликасыӨҰлттық
Данияр Талғатұлы           Банк Төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Дүрмағамбетов            - Қазақстан Республикасы
Ерлан Дмитрийұлы           Ақпараттандыру және байланыс
                           агенттігі төрағасының орынбасары

Қонаев                   - Қазақстан Республикасы
Эльдар Асқарұлы            Статистика агенттігі төрағасының
                           орынбасары

Қарақұсова               - Қазақстан Республикасы
Гүлжан Жанпейісқызы        Парламентінің Мәжілісі Қаржы
                           және бюджет комитетінің
                           төрағасы (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы, Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы шығарылсын.