Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 998 Қаулысы. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Храпунов Виктор Вячеславович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға;

      Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Саудабаев Дәулет Советұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Сабдалин Абылай Қиялұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразахұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі