Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1392
ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық 653
аппараты
Әкімшілік полиция комитеті 135
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі 52
айналымын бақылау комитеті
Ішкі әскерлер комитеті 225
Жол полициясы комитеті 63
Криминалдық полиция комитеті 142
Тергеу комитеті 122".