"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 қазандағы
N 973 қаулысымен
бекітілген
Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) туралы конвенцияға 14-қосымшаға және Doc 9774 АN/969 "Әуеайлақтарды сертификаттау жөніндегі басшылыққа" сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының жарамдылығын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін айқындайды.
3. Азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыныпталған әуеайлақтары сертификаттауға жатады.
4. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
өтінім - өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;
өтініш беруші - әуеайлақтың жарамдылық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) алу үшін уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
сертификаттық талаптар - әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар;
сертификаттық тексеру - әуеайлақты, оның жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдастырушылық құрылымды, сондай-ақ өтініш беруші мамандарының біліктілігін сертификаттық талаптарға сәйкестігіне уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру;
уәкілетті орган
- азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталды авиация және әуе кеңістігін пайдалану қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау, үйлестіру және реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
5. Әуеайлақты сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
6. Сертификат иеліктен шығарылмайды және ол басқа адамға берілмейді.
Сертификат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
7. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
8. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсімдердің мынадай ретін көздейді:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің уәкілетті органға сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге өтінім беруі;
2) алдын ала бағалау және уәкілетті органның өтінім бойынша шешім қабылдауы;
3) уәкілетті орган комиссиясының тиісті жерге барып сертификаттық тексеруді жүргізуі;
4) уәкілетті органның шешім қабылдауы және сертификатты беруі (беруден бас тартуы).
Әрбір кейінгі рәсім алдыңғы рәсімнің оң нәтижелері кезінде орындалады.
9. Өтінімге сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әуеайлақ орналасқан жер учаскесін, құрылысты пайдалану (меншік) құқығына акт;
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өтініш берушінің міндеттемесі;
5) тиісті ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты беретін әуеайлақтың сыныбы және жасанды жамылғысымен ұшу-қону жолағы туралы қорытынды;
6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы тексеру актілері;
7) мынадай деректерді көрсете отырып, әуеайлақтарды пайдалануға "жарамдылық нормаларына сәйкестік кестелері және графикалық материал:
әуеайлақтың физикалық сипаттамалары;
әуеайлақ жамылғылары мен әуеайлақ кедергілерінің күндізгі белгісі;
радиотехникалық жабдықтар және әуе қозғалысын басқару әрі қызмет көрсету жөніндегі диспетчерлік пункттің немесе радиооператордың жабдығы;
әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының жүйесі;
әуеайлақ пен оның объектілерінің электрмен жабдықталуы және электр жабдықтары;
әуеайлақтың метеорологиялық жабдықтары;
өртке қарсы және авариялық-құтқару құралдары;
8) әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты және/немесе ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық, әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жедел жоспар;
9) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жөніндегі оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілгенін растайтын құжаттар;
10) авиациялық персоналдың оқудан өткенін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
11) әуеайлақтың сызбалары мен схемалары;
12) әуеайлақтың санитарлық паспорты.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылады.
Осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бірінші басшы және өтініш берушінің мөрімен куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылады.
10. Растайтын құжаттардың әрбір тізбесі бойынша әуеайлақтар аспаптары мен жабдықтарын пайдаланудың ресурстық мерзімі мен жарамдылығының болуын растайтын тиісті ұшу, техникалық паспорттар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және, егер көрсетілген құжаттаманы және ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге тартылса, тиісті құзыретті органдардың қорытындысы қоса берілуге тиіс.
11. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган өтінім мен ұсынылған құжаттарды оны алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес қабылданған шешім туралы хабарлайды.
12. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
3. Өтінімді алдын ала бағалау және ол бойынша шешім қабылдау
13. Өтінімді алдын ала бағалау кезінде:
1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;
2) өтініш берушінің осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігі;
3) ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау мен өрттен қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың, техниканың, құжаттаманың және білікті қызметкерлердің болуы;
4) қарауға ұсынылған сертификаттық талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттаманың толықтығы;
5) инженерлік-техникалық және басшы персоналды оқыту және оларды техникалық жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттыру жоспарының, сондай-ақ штатты жасақтау және кадрлар резервін дайындау жоспарларының болуы белгіленеді.
14. Өтінімді алдын ала бағалау барысында уәкілетті орган:
1) өтініш берушіден өтінімде ұсынылған барлық мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұратуы мүмкін;
2) өтініш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсімдері, нормативтік талаптар туралы хабардар етеді;
3) өтініш берушінің қызметкерлері штатының жасақталуы мен кадрларды даярлау жүйесі мәселелерін қарайды;
4) өтініш берушіге Сертификатты беру кезінде қандай пайдаланымдық және техникалық шектеулердің белгіленуі мүмкін екендігін түсіндіреді;
5) өтініш берушіге өтінімді алдын ала бағалау барысында анықталған кемшіліктердің тізбесі мен оларды жою жөніндегі ұсынымдары бар жазбаша хабарламаны жібереді.
15. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар осы Ереженің 9-тармағына сәйкес белгіленетін талаптарға сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, өтінім осы Ереженің 11-тармағына сәйкес белгіленетін мерзімде қайтарудың негізделген себебі көрсетіліп қайтарылуға жатады.
16. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган сертификаттық тексеруді жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру туралы шешім шығарады.
17. Сертификаттық тексеру кезінде:
1) азаматтық авиация ұйымын (өтініш берушіні) басқаруды ұйымдық құрылымы мен негізгі қағидаттары;
2) азаматтық авиация ұйымының қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі басшы құрамның тәжірибесі, сондай-ақ басшы құраммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты мамандар жөніндегі деректердің болуы;
3) қызметкерлер штатының жасақталуы және оларды даярлау жүйесі;
4) өтініш берушінің тиісті арнайы жабдықты пайдалану құқығына, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және бақылауға, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға басқа ұйымдармен жасасқан шарттарының болуы;
5) функционалдық міндеттерді қамтамасыз етуге арналған өндірістік алаңдардың жеткілікті санының болуы;
6) пайдалану техникалық құжаттамасының болуы;
7) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымы жабдығының және өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары (көрсеткіштері), өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндіріс рәсімдерін тексеру қаралады.
18. Сертификаттық тексерудің мерзімі өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
19. Сертификаттық тексеру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
20. Сертификаттық тексерудің нәтижелері бойынша әуеайлақтың іс жүзіндегі жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетіле отырып, екі данада осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - акт) жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және ол танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.
5. Сертификатты беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе күшін жою
21. Сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытынды қамтылған акт сертификат беру үшін негіз болып табылады.
22. Сертификатты ресімдеу мен беруді уәкілетті орган сертификаттық тексеру актісі жасалғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
23. Сертификатты иесіне беруден бас тарту, қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саладағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Сертификатты беруден бас тарту, егер:
1) әуеайлақты пайдалану осы санаттағы адамдар үшін заңнамалық актілермен тыйым салынған;
2) әуеайлақ сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге қатысты оның әуеайлақты пайдалануына тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
25. Сертификатты беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, уәжді жауап беріледі.
26. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданылуын қалпына келтіруді уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді жойғаннан, уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынғаннан және оған қажетті тексеру жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
Егер әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті орган белгіленген мерзімде тоқтата тұру себебін жоя алатын болса ғана, сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Олай болмаған жағдайда сертификат қайтарып алынады.
27. Сертификат қайтарып алынған жағдайда ол осы Ережеде көзделген тәртіппен қайтадан сертификаттау жүргізілгеннен кейін беріледі.
6. Сертификатқа өзгерістер енгізу және телнұсқа беру
28. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуге әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болған жағдайда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
Сертификатқа өзгерістер енгізу кезінде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмірі сақталады, ал мемлекеттік тізілімнің әуеайлақтардың жарамдылық сертификаттарының тізіліміне бұл туралы тиісті жазба енгізіледі.
29. Сертификат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын береді.
30. Сертификатқа өзгерістер енгізу немесе телнұсқа алу үшін азаматтық авиация ұйымы уәкілетті органға негіздемесімен, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты (жоғалған немесе ұрланған жағдайлардан басқа) береді.
31. Уәкілетті орган өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде сертификаттың телнұсқасын береді.
уәкілетті органның атауы
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
Серия АРД N___
200___ жылғы»"__" ________ берілді.
200___ жылғы»"__" ________ дейін жарамды.
1. Әуеайлақ ________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жері _____________________________
3. Әуеайлақтың иесі ________________________________________
____________________________________________________________
4. Әуеайлақтың сыныбы ______________________________________
5. Осы арқылы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып
табылатын шектеулерді ескере отырып, әуеайлақтың:
ИКАО МКпос. I санаты _______________________________________
ИКАО МКпос. II санаты ______________________________________
ИКАО МКпос. III санаты _____________________________________
бойынша азаматтық аэродромдарды пайдалану талаптарына және
жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады.
6. Сертификатты беру үшін негіздеме ________________________
____________________________________________________________
7. Сертификаттық тексеруді _________________________________
_____________________________________________ жүзеге асырады
Сертификат
берген органның басшысы
МО __________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Әуеайлақтың жарамдылық
сертификатына
қосымша
____________________
Серия АРД N ________
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Р/с
|
Атауы |
Тексеру оларға сәйкес
|
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сертификат
берген органның басшысы
МО __________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Ережеге
2-қосымша
_________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге
ӨТІНІМ
1. __________________________________________________________
(ұйымның, өтініш берушінің атауы, оның мекен-жайы)
атынан _____________________________________________________
(басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________
(әуеайлақтың атауы)
___________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқамасы)
талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады және осы
объектінің сертификаттық талаптарға сәйкестігіне инспекциялық тексеру жүргізуді сұрайды.
2. Қосымша ақпарат
әуеайлақ сыныбы ____________________________________________
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының санатынан бір-бірден әуеайлақтың жабдықтары _____________________________________
3. Қосымша _________________________________________________
Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Бас бухгалтер ____________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О. Күні _________
Әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өтініш берушінің
міндеттемесі
Мен, _________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________ әуеайлақты ____________________________________,
(нормативтік құжаттардың атауы)
сертификаттық талаптарына сәйкес келетінін, ұсынылған
құжаттамадағы ақпарат әуеайлақтың өзіндік жағдайына сәйкес келетінін куәландырамын және:
1) әуеайлақты сертификаттық талаптарға және нормативтік құжаттаманың ережелеріне сәйкес пайдалану мен ұстауға;
2) аэронавигациялық ақпарат (АТР) басылымдарында қамтылған деректердің әуеайлақтың нақты жағдайына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) әуеайлақта сертификаттық және нормативтік талаптарға сәйкессіздіктер анықталған кезде дереу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шектеулер қойып, уәкілетті органға бұл туралы хабарлауға;
4) Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жедел жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге уәкілетті органнан келісім алуға;
5) АІР енгізуге дайындалған материалдарды бекітуге уәкілетті органға жіберуге міндеттенемін.
Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
МО 200_ жылғы»"__" ________
_________________________
әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге өтінім бойынша "__" ________ 200_ жылғы
шешім
Сіздің әуеайлақты сертификаттауға өтініміңіз бен құжаттамаңызды қарап, мынаны хабарлаймыз:
1. Сертификаттық тексеру __________ кезеңінде жүргізіледі.
2. Тексеру ___________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқамасы)
талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
3. Сертификаттық тексеруді ____________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы)
____________________________________________________________
______________________________ объектілерін тексеру (сынау)
арқылы жүзеге асырады.
4. Жұмыстар __________________________________________
негізінде жүргізіледі.
Басшы ____________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
МО 200_ жылғы»"__" _______
"БЕКІТЕМІН"
_________________________
(уәкілетті органның басшысы)
_______________________
(қолы)
200_ жылғы»"__" _______
__________________ әуеайлақты
сертификаттық тексеру актісі
200_ жылғы»"__" _______ N ______________ бұйрығымен тағайындалған
комиссия құрамында:
Комиссия төрағасы ______________________
Комиссия мүшелері: ______________________
______________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_______________________ кезеңде ұсынылған құжаттаманы қарады, әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізді және мыналарды анықтады:
1. Әуеайлақты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
____________________________________________________________
(N, берілген күні және қолданылу мерзімі)
2. Әуеайлақтың пайдалануға жарамдылық сертификаты ____
____________________________________________________________
(N, берілген күні және қолданылу мерзімі)
3. Әуеайлақтың физикалық сипаттамалары:
1) әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері;
2) кедергілерді шектеу және есепке алу;
3) жасанды жамылғылардың беріктігі;
4) жасанды жамылғылардың жай-күйі.
4. Әуеайлақ жамылғылары мен аэродром кедергілерінің күндізгі таңбалануы белгісі:
1) әуеайлақ жамылғыларының күндізгі белгісі;
2) кедергілер мен объектілердің күндізгі белгісі.
5. Радиотехникалық жабдықтар және ӘҚБ диспетчерлік пунктердің жабдықтары:
1) радиотехникалық құралдардың құрамы;
2) қону жүйесінің жер үсті жабдықтары;
3) ОСП отырғызудың радиотехникалық жүйесі;
4) жеке жалғамалы станция;
5) әуеайлақтың қосымша маркерлік радиомаягі;
6) автоматты радиопеленгатор;
7) объективтік бақылау құралы;
8) электрбайланыс құралы;
9) ұшу алаңын көретін радиолокациялық станция;
10) әуе қозғалысын басқарудың диспетчерлік пункттердің жабдықтары.
6. Әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының жүйесі және объектілерді жарықпен қоршау.
7. Метеорологиялық жабдықтар.
8. Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары:
1) әуеайлақты электрмен жабдықтау;
2) әуеайлақ объектілерін электрмен қоректендіру;
3) автономды электрмен қоректендіру;
4) электр желілер.
9. Авариялық-құтқару құралдары.
10. Жанар-жағармай құралдары.
11. Әуеайлаққа қызмет көрсету мен жөндеуге үшін арналған техника
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Әуеайлақтың сертификаттық талаптарға сәйкестігі туралы комиссияның қорытындысы
Комиссия төрағасы ______________________
Комиссия мүшелері: ______________________
______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Әуеайлақты сертификаттық
тексерудің үлгі бағдарламасы
Әуеайлақты пайдаланушының атауы ______________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N ________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы _____________________
Р/с
|
Бағдарлама бойынша позициялар
|
Сәйкестік
|
Сәйкессіз-сіздік
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы
|
|||
1) |
Әуеайлақтың жарамдылық
|
|
|
2) |
Өтініш берушінің Жарғысы (құрылтай
|
|
|
3) |
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік |
|
|
4) |
Аудиторлық анықтама және қаржылық
|
|
|
5) |
Өтініш берушінің (әуеайлақты 11
|
|
|
6) |
Басшы құрамның және мамандардың
|
|
|
7) |
Еңбек және өндірістік санитария
|
|
|
8) |
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
|
|
|
9) |
Инженерлік-техникалық құрам,
|
|
|
10) |
Солардың негізінде әуеайлақтың
|
|
|
11) |
Әуеайлақтар аудандарында және қону
|
|
|
12) |
Солардың негізінде әуеайлақтың
|
|
|
13) |
Әуеайлаққа техникалық қызмет
|
|
|
14) |
Әуеайлақты мемлекеттік тіркеу
|
|
|
15) |
Әуеайлақтың сызбасы, негізгі
|
|
|
16) |
Dос 9774 АN\969 ИКАО сәйкес
|
|
|
17) |
Жерді пайдалануға арналған акті |
|
|
18) |
Пайдаланушының әуеайлақты қабылдауы
|
|
|
19) |
Арнайы техниканы сақтандыру полис-
|
|
|
20) |
Әуеайлаққа техникалық қызмет
|
|
|
21) |
Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық
|
|
|
22) |
Әуеайлақтық арнайы техниканың тіз-
|
|
|
23) |
Ұшуларды радиотехникалық және
|
|
|
24) |
Метеорологиялық қамтамасыз ету
|
|
|
25) |
Авиациялық персоналдың біліктілігін
|
|
|
26) |
Авиациялық қауіпсіздікті және
|
|
|
27) |
Әуеайлақтық арнайы техникаға, жаб-
|
|
|
28) |
Әуеайлақ аймағын ұстау |
|
|
29) |
Жеке құрамға, арнайы техниканың,
|
|
|
30) |
Санитарлық-эпидемиологиялық және
|
|
|
31) |
Әуеайлақтың техникалық жай-күйі,
|
|
|
32) |
Пайдаланушының әуеайлақты
|
|
|
33) |
Әуеайлаққа техникалық қызмет
|
|
|
34) |
Әуеайлақ, перрон бойынша арнайы
|
|
|
35) |
Әуеайлақ және оның маңайында
|
|
|
36) |
Тірі табиғаттан пайда болатын
|
|
|
37) |
Әуеайлақтың техникалық жарамдылығы
|
|
|
38) |
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз
|
|
|
39) |
Тіркеп сүйреуге, қозғалу қабілеті-
|
|
|
40) |
Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы
|
|
|
41) |
Басқару және инженерлік-техникалық
|
|
|
42) |
Ұшу алаңының жай-күйі жөніндегі
|
|
|
43) |
Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында
|
|
|
44) |
Абоненттердің лақабы мен радио
|
|
|
45) |
Әуеайлақ жамылғыларын таңбалау
|
|
|
46) |
Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында
|
|
|
47) |
Әуеайлақ жамылғыларының ақаулары |
|
|
48) |
Әуеайлақта нақты әуе кемесін
|
|
|
49) |
Топырақтық ұшу-қону жолағының
|
|
|
50) |
Зәкір бекітудің беріктігін тексеру
|
|
|
51) |
Азаматтық авиацияның мамандандырыл-
|
|
|
52) |
Әуеайлақта мұз-қар жинау
|
|
|
53) |
Әуе кемелері тежеулерінің жай-күйін
|
|
|
54) |
Қарлы НОТАМ бойынша ақпараттарды
|
|
|
55) |
Әуеайлақтық арнайы механиканың
|
|
|
56) |
Қардың қаттылығы мен тығыздылығын
|
|
|
57) |
Уақытша әуеайлақтың (тікұшақайлақ-
|
|
|
58) |
Әуеайлақішілік жолдарды ұстау |
|
|
59) |
Метрологиялық жұмыстарды жүргізу,
|
|
|
2. Өндірістік база |
|||
1) |
Техникалық қызмет көрсетуге,
|
|
|
2) |
Жеке құрамға арналған тұрмыстық
|
|
|
3) |
Жалға алынған ғимараттар мен
|
|
|
4) |
Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау
|
|
|
5) |
Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау
|
|
|
3. Жұмыстарды жоспарлау |
|||
1) |
Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу жұмыстарын жоспарлау
|
|
|
2) |
Инженерлік-техникалық құрамның,
|
|
|
3) |
Нақты үлгідегі арнайы техникада
|
|
|
4) |
Мамандығы бойынша біліктілігін
|
|
|
5) |
Жеке құрамның тиісті куәліктерінің
|
|
|
6) |
Жүргізуші құрамын даярлау және
|
|
|
7) |
Әуеайлақта дербес жұмысқа рұқсат
|
|
|
8) |
Кадрларды даярлау |
|
|
9) |
Нормативтік құжаттаманың бақылау
|
|
|
10) |
Жоспарланған кезеңге арналған
|
|
|
11) |
Дербес дайындық (жеке тапсырмалар) |
|
|
12) |
Мұғалімдер құрамы және оларда
|
|
|
13) |
Оқу сабақтары үшін бөлмелердің
|
|
|
14) |
Оқу-әдістемелік базаның жабдығы:
|
|
|
15) |
Сабақтардағы бақылау, жеке
|
|
|
4. Ақпараттық қамтамасыз ету |
|||
1) |
Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі
|
|
|
2) |
Нормативтік және басшылық
|
|
|
3) |
Пайдаланушының жеке құрамға ұшу
|
|
|
5. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария |
|||
1) |
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру |
|
|
2) |
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техни-
|
|
|
3) |
Жеке қорғану құралдары,
|
|
|
4) |
Персоналдың арнайы киімдерінің
|
|
|
6. Әуеайлақтың физикалық сипаттамалары |
|||
1) |
Әуеайлақ элементтерінің
|
|
|
2) |
Ұшу және қону дистанциялары |
|
|
3) |
Кедергілерді шектеу және есепке алу |
|
|
4) |
Жасанды жамылғылардың беріктігі |
|
|
5) |
Жасанды жамылғылардың жай-күйі |
|
|
6) |
Әуеайлақ жамылғыларының күндізгі
|
|
|
7) |
Кедергілер мен объектілердің
|
|
|
8) |
Әуеайлақтың және аэронавигация
|
|
|
9) |
Әуеайлақтың жарияланған санатының
|
|
|
7. Радиотехникалық жабдықтар |
|||
1) |
Радиотехникалық жабдықтарға тізбе,
|
|
|
2) |
Радиолокациялық жабдықтар |
|
|
3) |
Навигациялық және қону жабдықтары |
|
|
4) |
Байланыс жабдықтары |
|
|
5) |
Әуе қозғалысын басқару орталығының
|
|
|
6) |
Спутниктік жүйенің жердегі
|
|
|
7) |
Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз
|
|
|
8) |
Жердегі сынақтар актілері,
|
|
|
9) |
Ұшуды тексеру актілері |
|
|
10) |
Радиотехникалық жабдықтарының
|
|
|
8. Жарық-сигнал жабдықтары |
|||
1) |
Жарық техникалық жабдықтардың
|
|
|
2) |
Аэронавигациялық оттар |
|
|
3) |
Аэронавигациялық жарық маяктары
|
|
|
4) |
Әуеайлақ белгілері |
|
|
5) |
Маркерлер |
|
|
6) |
Жарық-сигнал жабдығының
|
|
|
7) |
Ұшуларды жарық-техникалық
|
|
|
8) |
Жердегі сынақтар актілері,
|
|
|
9) |
Ұшуды тексеру актілері |
|
|
10) |
Жарық-сигнал жабдығының әуеайлақтың
|
|
|
9. Метеорологиялық қамтамасыз ету |
|||
1) |
Метеожабдықтарға техникалық
|
|
|
2) |
Метеожабдықтардың құрамы және
|
|
|
3) |
Метеоақпарат |
|
|
4) |
Метеожабдықтардың әуеайлақтың
|
|
|
10. Әуеайлақты электрмен қамтамасыз ету |
|||
1) |
Әуеайлақты, аэронавигацияны
|
|
|
2) |
Электрлік жабдықтар, олардың
|
|
|
3) |
Автономдық (резервтік) электрмен
|
|
|
4) |
Электр жүйесі, кабельдер, олардың
|
|
|
5) |
Қашықтықтан басқару аппаратурасы |
|
|
6) |
Тексеру актілері мен сынақ
|
|
|
7) |
Қызмет көрсету жөніндегі
|
|
|
11. Авариялық-құтқару құралдары |
|||
1) |
Авариялық-құтқару және өрт сөндіру
|
|
|
2) |
Авариялық-құтқару командалары,
|
|
|
3) |
Әуеайлақта апаттық-құтқару және
|
|
|
4) |
Өрт сөндіру автомобильдерінің,
|
|
|
5) |
От сөндіргіш құрамының,
|
|
|
6) |
Авариялық-құтқару командаларын
|
|
|
7) |
Өрт сөндіру гидранттары
|
|
|
8) |
Әуе қозғалысын басқарудың
|
|
|
9) |
Жабдықтар мен жарықтандырудың
|
|
|
Ескертпе:
(*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жойылған жағдайларда немесе шектеулер енгізілгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергі сәйкессіздіктер;
(-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін және өндірісті және сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі _____ парақ
Тексерушілер: ___________________________
___________________________
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні 200_ ж. "__" ______
Әуеайлақты сертификаттық тексеру бағдарламасын
сәйкессіздіктер тізбесі
________________________________________________
(Өтініш берушінің атауы)
Сертификаттық тексерудің
|
Сәйкессіздіктің
|
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
|
|
|
Тексерушілер: ___________________________
___________________________
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым:
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Сертификаттық
тексерудің жүргізілген күні
200_ ж. "__" ______