Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:
      1)«"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 215  қаулысының ;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 374  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы»19 қазандағы
N 972 қаулысымен  
бекітілген  

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.25  N 281  Қаулысымен.

  Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      1. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Ынтымақтастық комитетінің»Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" сот төрелігі мен құқық тәртібі жөніндегі кіші комитеті.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі

      2. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитет.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      3. Қазақстан-венгр ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      4. Қазақстан-словак сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      5. Қазақстан-словения сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

      6. Америка - Орталық Азия сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесі.
      7. Қазақстан-ауған сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      8. Қазақстан-беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының Қазақстан-беларусь әскери-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі кіші комиссия.
      9. Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіп кеңесі.
      10. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық комитетінің Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" сауда, инвестициялар, энергетика, көлік және экология жөніндегі кіші комитеті.
      11. Қазақстан-израиль сауда-экономикалық байланыстары жөніндегі комиссия.
      12. Қазақстан-үнді әскери-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық бірлескен жұмыс тобы.
      13. Қазақстан-үнді ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тобы.
      14. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің сауда-экономикалық   ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      15. Қазақстан-малайзия бірлескен сауда-экономикалық комитеті.
      16.«"Қазақстан - Төменгі Саксония" жұмыс тобы.
      17. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      18. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның әскери-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі кіші комиссиясы.
      19. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитеті.

6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      20. Қазақстан-австрия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      21. Қазақстан-вьетнам сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия.
      22. Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық комиссиясы.
      23. Қазақстан-грек экономикалық және технологиялық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      24. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық комитеті.
      25. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      26. Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      27. Қазақстан-ливия бірлескен ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясы.
      28. Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      29. Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

      30. Қазақстан-герман мәдени ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі аралас комиссия.
      31. Қазақстан-египет экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      32. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      33. Қазақстан-корея мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      34. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитеті.

9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

      35. Қазақстан-норвегия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      36. Қазақстан-тәжік экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      37. Қазақстан-фин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      38. Қазақстан-армян сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      39.«"Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесі.
      40. Қазақстан-иордан сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      41. Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссия.
      42. Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық   комиссия.
      43. Қазақстан-қырғыз Шу және Талас өзеніндегі мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі комиссиясы.
      44. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі комиссия.

11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

      45. Қазақстан-грузин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      46. Қазақстан-иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      47. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің көлік ынтымақтастығы   жөніндегі кіші комитеті.
      48. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің темір жол көлігі   саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      49. Қазақстан-пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени   ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия.
      50. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның көлік жөніндегі кіші комиссиясы.
      51. Қазақстан-түрік бірлескен көлік комиссиясы.

12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      52. Қазақстан-болгар сауда-экономикалық байланыстар және ғылыми-техникалық   ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      53. Қазақстан-монғол сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени   ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      54. Қазақстан-таиланд сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия.

13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

      55. Қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясы.
      56. Қазақстан-түрік үкіметаралық бірлескен экономикалық комиссия.
      57. Қазақстан-әмірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссиясы.
      57-1. Қазақстан-хорват сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.

14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      58. Қазақстан-испан экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық аралас комиссиясы.
      59. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің өткізу пункттері арасындағы және кеден ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      59-1. Қазақстан-кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия.

15. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      60. Қазақстан-беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      61. Қазақстан-палестина сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

16. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      62. Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      63. Қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы.
      64. Қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      65. Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.
      66. Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комитет.

17. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

      67. Қазақстан-әзірбайжан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
       68.   Қазақстан-америка энергетика саласындағы серіктестік жөніндегі арнайы   комиссия.
      69. Қазақстан-үнді сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия.
      70. Қазақстан-италия өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу   жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы.
      71. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      72. Қазақстан-корея энергетика және минералдық ресурстар саласындағы бірлескен комитет.
      73. Қазақстан-қырғыз бірлескен комиссиясы.
      74. Қазақстан-сауд сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени   ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      75. Қазақстан-түрікмен экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия.
      76. Қазақстан-украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      77. Қазақстан-Оңтүстік Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
      78. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің геология және   жер қойнауын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті.
      79. Қазақстан-чех сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      80. Қазақстан-швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

      81. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің қаржы ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитеті.
      82. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясы.

20. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

      83. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені жөніндегі кіші комиссиясы.