"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 937 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі "Астана-Қаржы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті акцияларының жалпы санының 26,46 пайызы мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) "Астана-Қаржы" акционерлік қоғамының 26,46 пайыз мөлшеріндегі және "ҚазАвиаЛизинг" акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалау жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындағаннан кейін "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және "Астана-Қаржы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.05 N 1139 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 21-28»"ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ деген жол алынып тасталсын;

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-13-жол алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі