Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Құру мақсаты" деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны (бұдан әрі - "ҚазАгро" ұлтхолдингі" АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.";
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары деген 2-бөлімде:
үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ және қоғамдар қызметінің
ашықтығы";
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Қойылған мақсат шеңберінде»"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның міндеттері мынадай болады:
инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру;
аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту;
агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;
агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту;
ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.
Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға»"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімде:
үшінші абзацтағы "қоғамдардың" деген сөзден кейін "стратегиялық" деген сөзбен, "жоспарларын" деген сөзден кейін", инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді" деген сөздермен
толықтырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу;
қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функциялар.";
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлімде:
бірінші абзацта:
"бір айда бір рет орта мерзімді негізде" деген сөздер "екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кемінде жылына бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта "екі жылда" деген сөздер "айына" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "Компаниялардың" деген сөз "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ және қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі