Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 904 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат):
      1-тармақта:
      әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Шөкеев              - Қазақстан Республикасы
      Өмірзақ Естайұлы      Премьер-Министрінің орынбасары,
                            төраға

      Сапарбаев           - Қазақстан Республикасының
      Бердібек Машбекұлы    Еңбек және халықты әлеуметтік
                            қорғау министрі

      Құсайынов           - Қазақстан Республикасының
      Марат Әпсеметұлы      Экономика және бюджеттік
                            жоспарлау вице-министрі

      Тұрғанов            - Қазақстан Республикасының
      Дүйсенбай Нұрбайұлы   Энергетика және минералдық
                            ресурстар вице-министрі

      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Супрун Виктор Васильевич, Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы шығарылсын;

      2) "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21  желтоқсандағы N 1266  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 626-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Сапарбаев           - Қазақстан Республикасының
      Бердібек Машбекұлы    Еңбек және халықты әлеуметтік
                            қорғау министрі, төраға

      Елемесов            - Қазақстан Республикасы Индустрия
      Омархан Көптілеуұлы   және сауда министрлігінің
                            Өндіріс және ғылыми-техникалық
                            даму комитеті төрағасының
                            міндетін атқарушы

      көрсетілген құрамнан Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі