Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 897 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 4 қазандағы
N 897 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Мұхамедия                    сақтау министрлігінің Қазақ
                             мемлекеттік медицина академиясы
                             тағамтану кафедрасының
                             профессоры, медицина ғылымдарының
                             кандидаты

Құрманбайұлы               - Қазақстан Республикасы Білім және
Шерубай                      ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев
                             атындағы Еуразия ұлттық
                             университетінің кафедра
                             меңгерушісі, профессор, филология
                             ғылымдарының докторы

      көрсетілген құрамнан Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы, Айтбайұлы Өмірзақ шығарылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Тілеухан                     - Қазақстан Республикасының Парламенті
Бекболат Қанайұлы              Мәжілісінің депутаты (келісім
                               бойынша)

Жанпейісов                   - Қазақстан Республикасы Жер
Амангелді Сүйінбайұлы          ресурстарын басқару агенттігі
                               төрағасының орынбасары

Әбдірахманов                 - Қазақстан Республикасы Білім және
Сламқұл                        ғылым министрлігі География
                               институтының аға ғылыми қызметкері

Мырзахметұлы                 - Қазақстан Республикасы Білім және
Мекемтас                       ғылым министрлігі М.Х. Дулати
                               атындағы Тараз мемлекеттік
                               университетінің профессоры,
                               филология ғылымдарының докторы

Уәлиев                       - Қазақстан Республикасы Білім және
Нұргелді                       ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов
                               атындағы Тіл білімі институты
                               директорының орынбасары, филология
                               ғылымдарының кандидаты

      көрсетілген құрамнан Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы, Нұрғалиев Рымғали, Шаханов Мұхтар Шаханұлы шығарылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).