Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 892 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже;
      2) арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы»3»қазандағы   
N 892 қаулысымен    
бекітілген    

  Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже

      Осы Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже)»"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның жанынан құрылатын сарапшылық кеңесті қалыптастыру тәртібін және оның қызметін айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың орындылығы туралы қорытындыларды беру үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.

      2. Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Сарапшылық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, өтінімді, тұжырымдаманы, экономикалық негіздемесін және АЭА туралы немесе АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату туралы ереженің жобасын ұсыну арқылы жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдардың, кәсіпкерлер қауымдастықтары мен одақтарының арнайы экономикалық аймақтар құру туралы уәкілетті органға енгізілетін ұсыныстарын қарайды;
      2) уәкілетті органға АЭА құру туралы не құрудың орынсыздығы туралы қорытындыны ұсынады;
      3) уәкілетті органға АЭА-ны мерзімінен бұрын таратудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.

  2. Сарапшылық кеңесті құру тәртібі

      4. Сарапшылық кеңес мынадай құрамда құрылады және жұмыс істейді: сарапшылық кеңестің төрағасы, сарапшылық кеңес төрағасының орынбасары, жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдардың, уәкілетті органның, кәсіпкерлердің қауымдастықтары мен одақтарының, ұлттық басқарушы компанияның, ұлттық компаниялардың өкілдерінен және сарапшылық кеңестің хатшысынан қалыптастырылатын сарапшылық кеңестің мүшелері. Сарапшылық кеңес отырысында сарапшылық кеңес мүшелерінің бастамашылығы бойынша мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың өкілдері дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.
      Уәкілетті органның басшысы сарапшылық кеңестің төрағасы болып табылады, оның жанынан сарапшылық кеңес құрылады.
      Арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган басшысының орынбасары сарапшылық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады. Сарапшылық кеңес төрағасының функциялары, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасарына жүктеледі.
      Сарапшылық кеңестің жұмыс органының функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы сарапшылық кеңестің хатшысы болып табылады.

  3. Сарапшылық кеңес қызметінің тәртібі

      5.   Сарапшылық кеңес қызметін қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады, оның жанынан сарапшылық кеңес құрылады.

      6. Сарапшылық кеңес жұмыс органының функциясын оның шешіммен айқындалған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      7. Сарапшылық кеңестің жұмыс органы:
      1) оның отырыстары арасындағы кезеңде сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
      2) сарапшылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды жүзеге асырады;
      3) сарапшылық кеңестің қорытындыларын дайындауды және оларға қол қоюды жүзеге асырады.

      8. Сарапшылық кеңестің төрағасы:
      1) сарапшылық кеңес жұмысына басшылық жасайды, сарапшылық кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады;
      2) сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді;
      3) сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарын және оның кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде сарапшылық кеңесті шақырады;
      4) сарапшылық кеңестің отырыстары мен қорытындыларының хаттамаларына қол қояды.

      9. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сарапшылық кеңестің қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сарапшылық кеңестің төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Сарапшылық кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда сарапшылық кеңестің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар. Өндірістік немесе басқа себеп бойынша сарапшылық кеңес мүшесі болмаған жағдайда сарапшылық кеңес отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

      10. Сарапшылық кеңестің отырыстары төраға бекіткен сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес және осы Ереженің 8-тармағына сәйкес қажеттілігіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.

      11. Сарапшылық кеңестің шешімдері хаттамалық шешім түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипаты бар.
      Сарапшылық кеңестің қорытындысы мыналарды:
      1) экономиканы жаңғыртудың және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мақсаттары мен міндеттеріне өтінімнің сәйкестігі туралы ақпаратты;
      2) АЭА құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, өтінімі, тұжырымдамасы, экономикалық негіздемесі және АЭА туралы немесе АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату туралы ереже жобасы туралы жалпы қорытындыны;
      3) сарапшылық кеңестің шешімін - АЭА-ны құрудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарды қамтуы тиіс.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 3 қазандағы   
N 892 қаулысымен    
бекітілген    

  Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамы

Оразбақов               - Қазақстан Республикасының Индустрия және  
Ғалым Ізбасарұлы          сауда министрі, төраға

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы        сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары

Әміреев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғалым Махмұтбайұлы        сауда министрлігі Индустриялық-
                          инновациялық саясат департаментінің
                          директоры, хатшы

Ерғожин                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі

Бекетаев                - Қазақстан Республикасының Әділет 
Марат Бақытжанұлы         вице-министрі

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы          бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Нұрашев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және 
Тимур Бекболатұлы         сауда министрлігі Инвестиция комитетінің
                          төрағасы

Елемесов                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Омархан Көптілеуұлы       сауда министрлігінің Өнеркәсіп және
                          ғылыми-техникалық даму комитеті
                          төрағасының міндетін атқарушы

Керімбеков              - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әрсен Жақашұлы            сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
                          департаментінің директоры

Құсайынова              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Айна Біржанқызы           министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту
                          және ДСҰ жөніндегі департаментінің
                          директоры

Қамзебаева              - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Дариға Үсенқызы           министрлігінің Туризм мен спортты дамыту
                          стратегиясы департаменті директорының
                          орынбасары

Қауғабаева              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Рыскүл Боранбайқызы       коммуникация министрлігінің Көлік саясаты
                          және халықаралық ынтымақтастық
                          департаменті директорының орынбасары

Әділов                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Төлебай Ақжігітұлы        қорғау министрлігінің Орнықты даму және
                          ғылыми-талдауды қамтамасыз ету
                          департаменті орнықты даму және
                          экологиялық бағдарламалар басқармасының
                          бастығы

Салықбаева              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Алма Құрматқызы           әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек
                          және халықты жұмыспен қамту департаменті
                          халықты жұмыспен қамту басқармасының
                          бастығы

Скорик                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Юлия Ивановна             сауда министрлігі Заң және кадр жұмысы
                          департаментінің заң басқармасы бастығының
                          міндетін атқарушы
 
Байғабұлов              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Сәдуәқас Нығметоллаұлы    министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-
                          эпидемиологиялық қадағалау комитеті
                          санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің
                          бастығы

Хайдарғалиева           - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Шолпан Ахметқызы          минералдық ресурстар министрлігінің
                          Технологиялық даму және мемлекеттік
                          активтерді басқару департаменті
                          мұнай-химия өнеркәсібі бөлімінің бастығы

Нұрбекова               - Қазақстанның салық төлеушілер
Гүлайым Маратқызы         қауымдастығының атқарушы директоры
                          (келісім бойынша)

Радостовец              - республикалық тау-кен байыту және»тау-кен
Николай Владимирович      металлургия кәсіпорындары қауымдастығының
                          атқарушы директоры (келісім бойынша)

Дьяченко                - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Олег Сергеевич            қоғамы Инвестицияларды дамыту
                          департаментінің директоры (келісім
                          бойынша)

Швидюк                  - Қазақстан кәсіпкерлері форумы төрағасының
Владимир Федорович        кеңесшісі, жобалау-сарапшылық тобының
                          жетекшісі (келісім бойынша)

Цой                     - "Шағын және орта бизнесті дамыту
Эдуард Давыдович          федерациясы" заңды тұлғалар одағының
                          Астана қаласы бойынша филиалының
                          директоры (келісім бойынша)

Хорошаш                 - "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Асқар Нәсіболлаұлы        корпорациясы"Өұлттық компаниясы"
                          акционерлік қоғамы Заң департаментінің
                          директоры (келісім бойынша)