Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 871 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі