Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 610 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі N 857 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 610  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 92, 93-жолдармен толықтырылсын:
"92     Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру,             10
        тазалау, сақтау және тиеп жөнелту

93      Астықты экспортқа өткізу жөніндегі
        қызмет                                        10       ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі