Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 852 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 254-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы     және минералдық ресурстар министрі

Сұлтанов              - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы       және бюджеттік жоспарлау министрі
      көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Супрун Виктор Васильевич шығарылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі