Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 831 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 162 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.19.  N 162 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламада:
      "Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Жергілікті мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру" деген 5-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 5.5-жолдың 5-бағанында»"2007 жылдың ақпаны" деген сөздер "2008 жылдың ақпаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі