Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
N 829 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары", "атқарушы директоры" деген сөздер "бірінші басшылары", "басқарма төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржы" деген сөзден кейін ", Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2008 N 1048 Қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазына" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
"басшыларының орынбасарлары" деген сөздер "бірінші басшылары", деген сөздермен ауыстырылсын;
"Индустрия және сауда" деген сөздерден кейін ", Қаржы" деген сөзбен толықтырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2008 N 1048 Қаулысымен.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацтағы "(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
"Кеңестердің қызметін ұйымдастыру" деген 4-бөлімде:
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "немесе оның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)"
мына:
"Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі";
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
мына:
"Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы министрлігі Аграрлық саясат және
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы
департаментінің директоры, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
стратегиясы және аграрлық ғылым
департаментінің директоры, хатшы";
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;
5) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 Қаулысымен;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 қаулысымен.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самғау" холдингі" АҚ-ның басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
төртінші абзацтағы "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 Қаулысымен.