Жедел жұмысты жүзеге асыру және арнайы су көлігін оңтайлы пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлімде:
"Теңіз" деген бағанда:
"Атырау" деген жолдағы "1" деген сан алынып тасталсын;
"Маңғыстау" деген жол "1" деген санмен толықтырылсын;
"Шағын көлемді" деген бағанда:
"Алматы" және "Атырау" деген жолдардағы "2" және "1" деген сандар тиісінше "1" және "2" деген сандармен ауыстырылсын.