Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 665-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
6-тармақтың кестесінде:
"I санат" деген жолда:
2-бағандағы»"кемінде 1500 га сулы-батпақты алқаптар" деген сөздер алынып тасталсын;
3-бағандағы»"белгіленбейді" деген сөз алынып тасталсын;
4-бағандағы»"3000" деген сандар»"5000" деген сандармен ауыстырылсын;
"II санат" деген жолда:
3-бағандағы»"5" деген сан»"3" деген санмен ауыстырылсын;
4-бағандағы»"3000-5000" деген сандар»"5000-10000" деген сандармен ауыстырылсын;
"III санат" деген жолдың 4-бағанындағы»"5000-10000" деген сандар "10000-20000" деген сандармен ауыстырылсын;
"IV санат" деген жолдың 4-бағанындағы»"10000-15000" деген сандар "20000-30000" деген сандармен ауыстырылсын;
"V санат" деген жолдың 2-бағанындағы»"5000" деген сандар "10000" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын;";
19-тармақтың 1) тармақшасында»"қорықшылық айналымдарының" деген сөздер "қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде 4-тармақтың 11) тармақшасы сол күйінде қалдырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
7-тармақта»"қорықшы айналымдарының" деген сөздер»"қорықшы учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалау шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарында келтіріледі.";
25-тармақтағы»"қорықшы айналымдарының, жануарлар дүниесі объектілерін молықтыру үшін бағытталған учаскелердің" деген сөздер "жануарлар дүниесі объектілерін молықтыруға арналған қорықшы учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын.