Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:
Мыңбаев Сауат Мұхамбетбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі