Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі тәуелсіз сарапшыларды айқындаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 729 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналар:
      1) "Ералиев - Құрық" темір жол учаскесі" объектісі бойынша конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық жобаларды бағалау және сараптау бойынша "Жекешелендіру және инвестициялар жөніндегі бюро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Маңғышлақ - Баутино" темір жол учаскесі";
      "Қорғас - Жетіген" темір жол учаскесі";
      "Мақат - Қандыағаш" темір жол учаскесін электрлендіру" объектілері бойынша конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық жобаларды бағалау және сараптау бойынша "Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылға тәуелсіз сарапшылар болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 117 "Концессиялық жобаларды сараптау және бағалау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде концессиялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі