"Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 719 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық балаларды оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау
саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып
белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-3-жолмен толықтырылсын:
"39-3. Республикалық балаларды оңалту орталығы".
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі