Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер
мен ведомстволардың қызметкерлер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы "621" деген сандар "623" деген
сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі