Казақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17 тамыздағы
N 704 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 1112
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:
"46. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы".
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 62-жол алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
2 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
02»"Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" кіші функциясында:
202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша 002»"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 109-кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"109 Апаттар медицинасы орталығы".
4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық, бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы 214
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген 4-бөлімде:
"Апат медицинасы орталығы 137" деген жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Апаттар медицинасы орталығы 137".
5. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ "Шығындар"»бөлімінде:
02»"Қорғаныс" функционалдық тобында:
"163280004" деген сандар "163426009" деген сандармен ауыстырылсын;
02 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" ішкі функциясында:
"25206689" деген сандар "25352694" деген сандармен ауыстырылсын;
202»"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" әкімшісі бойынша:
"25206689" деген сандар "25352694" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша:
"17498558" деген сандар "17644563" деген сандармен ауыстырылсын, 109»"Апаттар медицинасы орталығы 146 005" кіші бағдарламасымен толықтырылсын;
05»"Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
"104902753" деген сандар»"104756748" деген сандармен ауыстырылсын;
03 "Мамандандырылған медициналық көмек" ішкі функциясында:
"38229847" деген сандар "38083842" деген сандармен ауыстырылсын;
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
"38229847" деген сандар "38083842" деген сандармен ауыстырылсын;
010 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша "9349500" деген сандар "9203495" деген сандармен ауыстырылсын.
6. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік
бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
34-қосымшада
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 17644563 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық төрт миллион бес жүз алпыс үш мың теңге)";
"Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары"»деген 6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"11 |
|
109 |
Апаттар
|
Табиғи және техногендік
|
Жыл
|
Қазақстан
|
көрсетілген қаулыға
300-қосымшада
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 9203495 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз үш миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге)";
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда»"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу деген сөздер алынып тасталсын;
7-бағандағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына" деген сөздер алынып
тасталсын.