Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет
дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21
қазандағы N 1577
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық
салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан
Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға
байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
6-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және
ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "бірақ жылына", ", ақпарат және спорт" деген
сөздер тиісінше "бірақ екі жылда", "және ақпарат" деген сөздермен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі