Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 875 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 698 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және
пайдалану жөніндегі концессиялық келісімнің шеңберінде мемлекеттің 
кепілдігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 875  қаулысына мынадай өзгерістер мен
толықтыру енгізілсін:
      2-тармақтағы "Объектіні салу кезеңіне" деген сөздер
"Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған кепілдік шартында:
      "Шарттың мәні" деген 2-тарауда:
      1-тармақтағы "Объектіні салу кезеңіне" деген сөздер
"Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық
облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "30 (отыз) күнтізбелік күннен" деген сөздер 
"60 (алпыс) күнтізбелік күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тараудың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "өтеу күніне" 
деген сөздерден кейін "немесе сыйақы төлеу күніне" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі