Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 441-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 8-1, 15-1-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін куәландыруды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.
15-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін сыныптауды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.";
16, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Теңіз кемесіне сынып беру теңіз кемесі конструкциясының халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкестігін растауды білдіреді.
20. Егер теңіз кемесінің конструкциясы халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда осы теңіз кемесіне сынып берілмейді.".