"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексіне
(Салық кодексі) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларында:
"Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары" деген бағандағы "1,137", "0,568" және "0,568" деген сандар "1,101", "0,550" және "0,550" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі