Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 675 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 54-жолмен толықтырылсын:
      "54. Тірі ірі қара мал 0102 (010290-нан басқа)".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі