"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
"Маңғыстау" деген жолдағы "1223" деген сандар "1285" деген сандармен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47424" деген сандар "47486" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Маңғыстау облысының әкімі:
1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі