Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 627 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы              Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға

Тілеубеков                   - Қазақстан Республикасының Президенті
Ғани Өтенұлы                   Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды
                               қорғау және ақпараттандыру бөлімі
                               меңгерушісінің орынбасары (келісім
                               бойынша)

Бишімбаев                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы             және сауда вице-министрі

Ерғожин                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                 вице-министрі

Жошыбаев                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы              министрінің орынбасары

Қуанғанов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы             ғылым вице-министрі

Құсдәулетов                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы                 вице-министрі

Сапарбаев                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Бердібек Машбекұлы             және бюджеттік жоспарлау
                               вице-министрі

Өскімбаев                    - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қожамұрат Бейісұлы             вице-министрі

Ким                          - Қазақстан Республикасы Бас
Георгий Владимирович           прокурорының орынбасары - Бас
                               прокуратурасы Құқықтық статистика
                               және арнайы есепке алу комитетінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Дүрмағамбетов                - Қазақстан Республикасы
Ерлан Дмитрийұлы               Ақпараттандыру және байланыс
                               агенттігі төрағасының орынбасары

Богушевич                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Георгиевич            қауіпсіздік комитетінің Қызмет
                               директоры (келісім бойынша)

Жасұзақов                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сәкен Әділханұлы               министрлігінің Штабтар бастықтары
                               комитеті төрағасының бірінші
                               орынбасары.

      мына:»"Байәділов Ерғали Мұхамеджанұлы - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байәділов Ерғали Мұхаметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Тілеубердин Алтай Абылайұлы, Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы, Зверьков Вадим Павлович, Мажренов Жомарт Рахымбекұлы, Поспелов Николай Николаевич, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Темірболатов Серік Ғабдоллаұлы, Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі