Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1196 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 46, 598-құжат);
2) "Теледидар және (немесе) радио хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 39, 432-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 шілдедегі
N 607 қаулысымен
бекітілген
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды
ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 шілдедегі
N 607 қаулысымен
бекітілген
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының карталарының;
2) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.23. N 577 Қаулысымен);
3) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі бейіндік жоғары немесе орта арнаулы білімі және осы салада кемінде бір жыл тиісті жұмыс өтілі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлер штатының;
4) телевизиялық және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің;
5) телевизия немесе радио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының;
6) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының және оларды сақтау жөніндегі міндеттеменің;
7) объектіге немесе оны жалға алуға меншік иесінің мүліктік құқықтарын растаған құқық белгілейтін құжаттармен, өз алдына жеке кіретін есігі бар үй-жайлар мен орындардың, оның ішінде:
телевизиялық және радио хабарларды таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын арнайы үй-жайлардың (студиялық, беруші, антенналық-фидерлік, қосымша);
әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлардың;
халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардың (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық хабарларды таратушы операторлар үшін);
8) хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі көрсетілген телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесінің;
9) телевизиялық және (немесе) радиобағдарламаларды тиісінше қабылдау мен таратуды қамтамасыз ететін меншік құқындағы сертификатталған бағдарламалық-аппараттық кешеннің;
10) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
11) ретрансляция жасалатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен ретрансляция жасауға арналған алдын ала шарттарының, шарттарының немесе өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелері көшірмесінің, (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
12) біліктілік талаптарының 11) тармақшасында көзделген шарттардың орындалуын алты айға дейінгі мерзімге қамтамасыз ететін қысқа мерзімді активтердің;
13) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын техникалық қамтамасыз ету схемасының, (көпбағдарламалы телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарататын операторлар үшін).