1. "Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 275 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзацта»"Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөніндегі ақпарат осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.";