Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін
және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін
импортталатын тауарлардың тізбесінде
мынадай мазмұндағы рет нөмірлері 40-2, 55-1, 65-1, 191-1 - жолдармен толықтырылсын:
"40-2 15 бардан астам артық жұмыс қысымы 8414 80 410 0
бар, өнімділігі 120 м 3 / сағаттан
аспайтын көлемді қайта келу қарыштау
компрессорлары
55-1 ВНК-200 (конвейерлік үздіксіз өлшеу 8423 20 000 0
таразылары);
65-1 8428 90 300 0 ішкі субпозициясындағы 8431 39 100 0
прокатталған станның жабдығы үшін
ерекше немесе негізінен арналған бөліктер
191-1 ВТЗ-30СШ өздігінен жүретін шасси 8706-ден".
(Владимир трактор зауыты)
реттік нөмірі 61-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеменің деррик-крандары; кабель-крандарды қоса алғанда, көтергіш крандар; көтергіш кранмен жарақталған көтергіш жылжымалы фермалар, портальды жүк тиегіштер мен тіркемелер, жүк көтерімділігі 0,5 тоннадан 60 тоннаға дейін электрлі көпірлі крандарды, жүк
көтерімділігі 5 тоннадан 32 тоннаға дейін электрлі төрт тағанды крандарды, жол автокөлік құралдарында монтаж үшін арналған, жүк көтерімділігі 10 тоннадан 25 тоннаға дейін крандардан басқа гидравликалық крандар".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі