Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі N 585 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заң қызметтерін сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 220000 (екі жүз жиырма мың) евроға балама сомада қаражат бөлінсін.

      2. "Haslinger/Nagele & Parner Rechtsanwalte GMBH" заң компаниясы Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар заң қызметтерін көрсетуші болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көзделген қаражат шегінде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен заң қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      заң қызметтерін мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны мақсатты және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі