Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазарнайыкәсіпорын" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 577 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазарнайыкәсіпорын" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазарнайыкәсіпорын" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде қорғалған баспа-бланк өнімін дайындауды және ақпаратты өңдеу мен қорғаудың техникалық құралдарының жалпы және арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін сертификаттауды анықтай отырып, оның жарғысын бекітсін;
      2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берсін;
      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1)»"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-111-жолмен толықтырылсын:
      "123-111»"Қазарнайыкәсіпорын" АҚ";

      2)»"Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :

      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 242-2-жолмен толықтырылсын:
      "242-2 "Қазарнайыкәсіпорны" АҚ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі