Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 570 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі Бюджет кодексінің  34  және  150-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2007 жылға арналған»"004»"Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 265  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің   
                                             2007 жылғы»4»шілдедегі 
                                                  N 570 қаулысына
                                                       қосымша

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2007 жылғы 4 сәуірдегі
                                                 N№265 қаулысына
                                                      қосымша

      2007 жылға арналған 004»"Республикалық бюджеттік
        инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
    техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және
    сараптау"»республикалық бюджеттік бағдарламасын бөлу

Р/с
N
Жобаның атауы Техникалық-экономика-
лық негіздемелерді
әзірлеуді және оларға
мемлекеттік сараптама
жүргізуді қаржыландыру
көлемі (мың теңге)
1 2 3
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

1

Ақтау қаласында
оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру
орталығын салу

9 991

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі

2

Бала-Терісаққан өзені
арқылы көпір салуды
қоса алғанда, Арқалық
қаласы арқылы»Жезқазған-
Петропавл автожолын
қайта жаңарту

39 300

3

"Батыс Еуропа - Батыс
Қытай халықаралық
маңызы бар автомобиль
жолын қайта жаңарту

309 100

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі

4

Астана қаласында 180
төсектік кардиохирургия-
лық орталығын салу

1 280

5

Алматы қаласында 100
төсектік кардиохирургия-
лық орталығын салу

1 870


Жиыны:

361 541