Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының  9-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2007 жылғы 30 маусымдағы
                                                N 558 қаулысымен
                                                    бекітілген

                 Мемлекеттік қызмет көрсетудің
                       үлгі стандарты
      __________________________________________________
                        қызметтің атауы

                        1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      ____________________________________________________________
      (мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы)
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
      ____________________________________________________________
      (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған,
автоматтандырылмаған).
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік
құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы
Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі)
атауы мен бабы (тармағы).
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның,
мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
      ____________________________________________________________
      (толық атауы)
      ____________________________________________________________
      (қызмет көрсетілетін орын, сайт)
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді
аяқтау нысаны (нәтижесі):
      ____________________________________________________________
      (анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б.)
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың
санаты.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу
мерзімдері.
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды
тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с),
электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету
мерзімдері:________________________________;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу
кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға
рұқсат берілген ең ұзақ уақыт:____________________________;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды
алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың
рұқсат берілген жоғары мөлшері:____________________________.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе
тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын,
мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы
талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне
қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет
көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл
стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік
мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің
сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының
мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
      10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету,
қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен
талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен
талаптарын көрсету).
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай
режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі
адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды
дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған)
және т.с.с).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері
бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы,
өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету.
      1) _____________________ беретін ___________________________
           ұйымның атауы                    құжаттың атауы
      2) _____________________ беретін ___________________________
      ____________________________________________________________
      (ұйымның байланыс деректері (жұмыс және қабылдау кестесі,
мекен-жайы, телефондары)
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа
сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с.)
көрсету.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не
толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да
құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің
нөмірін көрсету.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының
мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды
тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен
регламенттерінің толық тізбесін көрсету - электрондық почта, сайт
арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не
жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе
мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін
көрсету.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты
басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық,
көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы
құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және
құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған
құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы
Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның,
мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын
мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің
нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым
дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын,
электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу
орталықтарының (саll-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды
адам кабинетінің нөмірін көрсету.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық
почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін
көрсету.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға
жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның
қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс
деректерін көрсету.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган,
мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының
және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт,
электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі,
мекен-жайы, телефондары).
      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу
орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және
т.б.) 

                                                     Мемлекеттік
                                                  қызмет көрсетудің
                                                   үлгі стандартына
                                                        қосымша

    Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норма-
тивтік
мәні

Көрсет-
кіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсет-
кіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті 
ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)

  

  

  

1.2. қызмет алуды 
кезекте 40
минуттан аспайтын
уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)

  

  

  

2. Сапасы

2.1. қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағат-
танған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

  

  

  

2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға
дұрыс ресімдеген
жағдайдың
(жүргізілген
төлемдер, есеп
айырысулар және
т.б.) % (үлесі)

  

  

  

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті
ұсыну тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

  

  

  

3.2. тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

  

  

  

3.3. Интернет
арқылы қол
жетімді қызмет-
терінің ақпарат %
(үлесі)

  

  

  

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің
осы түрі бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

  

  

  

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттан-
дырылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

  

  

  

4.3. шағымданудың 
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

  

  

  

4.4. шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

  

  

  

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлер-
дің сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

  

  

  

       Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)