Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 Қаулысы

Қолданыстағы

      Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 30 маусымдағы 
N 552 қаулысымен    
бекітілген       

  Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес
туралы ереже

      Осы Ереже Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Кеңестің қызметі елдің экономикасын әртараптандыруға және ырықтандыруға, оның шикізаттық бағытын жеңуге, адами капитал мен техникалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды жеңіп шығу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ көрсетілген салаларда ұлттық (жалпымемлекеттік) саясат жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар дайындауға бағытталған.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.

  2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

      6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
      Қазақстанның экономикалық жүйесін реформалау;
      Қазақстан Республикасы экономикасының 2015 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерінің сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу;
      инновациялар мен тиімділіктің базалық факторлар көрсеткіштерін жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтауды, білім беруді, нарықпен технологиялық прогрестің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және монополиялық қызметті шектеу;
      экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту;
      Қазақстанның экономикасын әлемдік сауда үдерістеріне кіріктіру;
      қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыру;
      шет елдерде қазақстандық инвесторларды қолдау;
      мақсаттарды, басымдықтарды айқындау және экспорт саласында қолайлы жағдайлар жасау, шекаралас ынтымақтастық пен сыртқы инвестицияларды дамыту;
      шикізат және шикізаттық емес сектор кәсіпорындары шығаратын қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      әлемдік сауда үдерісі мен өңірлік бірлестіктерге кірігу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      арнайы экономикалық, сауда-экономикалық, сондай-ақ шекаралас ынтымақтастық аймақтарын құру;
      мемлекеттік органдар мен экспорт және инвестициялар саласындағы жеке сектор ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіру;
      қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтарға бәсекелестік ұстанымдарын нығайту;
      теріс пиғылды бәсекелестік фактілерінің, бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеу, нарықты аумақтық қағидат бойынша бөлу және басқа да әлеуетті бәсекелестердің нарыққа шығуын шектеу жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісімдердің алдын алу.

  3. Кеңестің құқықтары

      7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
      3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.

  4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі болып табылатын төраға басқарады.
      Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      9. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) ресімдейді.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Кеңестің құрамына ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мамандар және олардың келісімі бойынша өзге де адамдар енгізілуі мүмкін.
      Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      15. Кеңес отырыстары күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңестің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      16. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған міндетті түрде барлық Кеңес мүшелері қол қояды.

  5. Кеңестің жұмыс топтары

      17. Қызметін қамтамасыз ету үшін Кеңес жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы, міндеттері және қызметінің тәртібі Кеңестің отырысында анықталады.
      18. Жұмыс топтары белгіленген салада қажетті талдау өткізеді, ол үшін сарапшылар мен мамандарды тартады.
      19. Төрағаның орынбасары жұмыс топтарының құрамына кіретін лауазымды адамдардың жұмысын үйлестіреді.

  6. Кеңестің қызметін тоқтату

      20. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                          2007 жылғы 30 маусымдағы
                                                 N 552 қаулысымен
                                                   бекітілген

         Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық
                        кеңестің құрамы

Мәсімов               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы       төраға

Мусин                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Аслан Есболайұлы        орынбасары - Экономика және бюджеттік
                        жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары

Құлсейітов            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Айдын Жеңісұлы          министрлігінің хатшылығы Стратегиялық
                        жоспарлау және жиынтық талдау
                        департаментінің директоры, хатшы

Школьник              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владимир Сергеевич      Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Ахметов               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы         коммуникация министрі

Балиева               - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Зағипа Яхянқызы

Дерновой              - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий Григорьевич    министрі

Досмұхамбетов         - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Темірхан Мыңайдарұлы    министрі

Ертісбаев             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Кабиденұлы    ақпарат министрі

Есімов                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ахметжан Смағұлұлы      министрі

Ізмұхамбетов          - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа               минералдық ресурстар министрі
Салахатдинұлы

Ысқақов               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбділдаұлы       қорғау министрі

Қарақұсова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы     халықты әлеуметтік қорғау министрі

Коржова               - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна

Оразбақов             - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы        сауда министрі

Тәжин                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы   министрі

Түймебаев             - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы    министрі

Арыстанов             - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Әркен Кеңесбекұлы       өңірлік қаржы орталығының қызметті реттеу
                        агенттігінің төрағасы

Есекеев               - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы   байланыс агенттігінің төрағасы

Қалмырзаев            - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сарыбай Сұлтанұлы       қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                        күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                        төрағасы

Мешімбаева            - Қазақстан Республикасы Статистика
Анар Ертелеуқызы        агенттігінің төрайымы

Сағынтаев             - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы       монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы 

Сәйденов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Әнуар Ғалимоллаұлы      Төрағасы

Алғазиев              - "Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы" заңды
Ақылбек Майкөтұлы       тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің
                        төрағасы (келісім бойынша)

Архипкин              - Қазақстандық сауда компаниялары мен
Сергей Владимирович     тұрмыстық электр, компьютерлік техника және
                        күрделі техникалық жүйелер тауар
                        өндірушілері қауымдастығының президенті
                        (келісім бойынша)

Аханов                - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы       кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Гамарник              - Халықаралық бизнес университетінің ректоры
Геннадий Николаевич     (келісім бойынша)

Ган                   - "Қазақстанның астық өңдеушілер және нан
Евгений Альбертович     пісірушілер одағы" заңды тұлғалар
                        бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Глухов                - Қазақстан Республикасы жиһаз және ағаш
Михаил Николаевич       өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары
                        қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Жанықұлов             - Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының
Жұмабек Есілбекұлы      президенті (келісім бойынша)

Исин                  - Қазақстандық ІТ-компаниялары
Нұрлан Құрманғалиұлы    қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Келімбетов            - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Қайрат Нематұлы         қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                        бойынша)

Қожасбай              - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы       палатасының президенті (келісім бойынша)

Құлыбаев              - "Kazenergy" Қазақстандық мұнай-газ және
Тимур Асқарұлы          энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы"
                        заңды тұлғалар бірлестігі директорлар
                        кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Мыңбаев               - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы     жөніндегі қазақстандық холдингі"
                        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша)

Перуашев              - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс
Азат Тұрлыбекұлы        берушілерінің жалпыұлттық одағының басқарма
                        төрағасы (келісім бойынша)

Попелюшко             - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу
Анатолий Висханович     өнеркәсібінің тауар өндірушілері одағының
                        президенті (келісім бойынша)

Пішембаев             - Қазақстан машина жасаушылар одағының
Мейрам Құдайбергенұлы   басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Раева                 - Қазақстан туристік қауымдастығының
Роза Әбдіхамитқызы      президенті (келісім бойынша)

Рау                   - "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Альберт Павлович        корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша)

Смайылов              - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы         қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                        бойынша)

Спанов                - Қазақстан электр энергетикасы
Рустанбек Уарызбекұлы   қауымдастығының атқарушы директоры (келісім
                        бойынша)

Тілеубаев             - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы  бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Худова                - "Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Любовь Николаевна       кәсіпорындарының қауымдастығы" заңды
                        тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы
                        (келісім бойынша)

Шалқаров              - Қазақстанның автокөлік және автожол кешені
Сатыбалды Ихсанұлы      қауымдастығының атқарушы директоры (келісім
                        бойынша)