Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 538 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "ҚазАгро ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Ысқақов Санат Қасымұлы - "ҚазАгро ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі