Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 511 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.«"Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 562-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 58-тармақпен толықтырылсын:
      "58. Қостанай - Есіл - Арқалық".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі