Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 маусымдағы N 484 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
 
Оразов                       - Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
Нұрай Нұрғожаұлы               ақпарат министрлігі Ақпарат және
                               мұрағат комитетінің
                               төрағасы, төрағаның орынбасары
 
Нұрахметов                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
Саят Ермаханұлы                ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                               мұрағат комитеті төрағасының
                               орынбасары, хатшы 
 
Бишіғаев                     - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Дәруішұлы                және байланыс агенттігі төрағасының
                               орынбасары

Ойнаров                      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы               министрінің орынбасары
 
мына:

"Әбдімомынов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы            ғылым вице-министрі

Қуанғанов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы             Министрінің Кеңсесі Басшысының
                               орынбасары"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбдімомынов                  - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Азамат Құрманбекұлы            холдингі" акционерлік қоғамының
                               басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қуанғанов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы             ғылым вице-министрі"

      көрсетілген құрамнан Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Садықов Махат Кәбірұлы, Нұрғазин Нұрлан Мұхаметқалиұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі