Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 464 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің құрамына:
      Түймебаев              - Қазақстан Республикасы Білім және
      Жансейіт Қансейітұлы     ғылым министрі, төрағаның орынбасары

енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының      
      Премьер-Министрі