Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылар назарына!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
      3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
      10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы»"мүлікті бағалау" деген сөздерден кейін "(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Мыналардың:
      1)»"Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 25 мамырдағы 
N 419 қаулысымен   
бекітілген      

  Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қосымшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес әзірленді және мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
      лицензия - лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты;
      лицензиар - заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті;
      лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханынан өткенін растайтын құжат.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, қызметі тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді. Мәліметтер тізілімге заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес енгізіледі.
      4. Лицензиар лицензияны мынадай қызмет түрлері бойынша береді:
      1) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда);
      2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау.
      "Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)" деп көрсетілген лицензияның негізінде жылжымайтын мүлікті (мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлікті (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
      "Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деп көрсетілген лицензияның негізінде зияткерлік меншік құқығы объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жүзеге асырылады.
      1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүліктің түрлері көрсетілген лицензиялардың негізінде жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымалы мүлікті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жарналарды, үлестерді (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау, сондай-ақ мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау жүзеге асырылады.
      5. Лицензиялар қолданылу мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.
      6. Лицензия бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тіркеу нөмірі болады.
      7. Лицензиар лицензия бланкілерінің есебін алуды және сақтауды жүзеге асырады.

  2. Лицензия беру тәртібі

      8. Лицензиялар мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
      9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшін лицензияларға мынадай құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары берген дипломдардың көшірмелерін не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе халықаралық шарттарда (келісімдерде) көзделген тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының көшірмелерін;
      5) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау (егер оның болуы біліктілік талаптарында көзделсе) бойынша тағылымдамадан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      6) уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімінің көшірмесін;
      7) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.
      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін берілмеген жағдайда жеке тұлғалар құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      10. Заңды тұлғалар лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін. Шетелдік заңды тұлға үшін - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғалардың тізімін және олардың негізінде өтініш беруші заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған құжаттардың көшірмесін ұсынады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін берілмеген жағдайда заңды тұлғалар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
      Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      11. Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады.
      12. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың анықтығына заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      13. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (беріледі).
      14. Лицензия беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім лицензиардың бұйрығымен ресімделетін өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      15. Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша Лицензиар лицензияны беруден бас тартады.
      Лицензия беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі (жіберіледі).
      Бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      16. Лицензиялар мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. Берілген тіркеу нөмірі бар лицензия өтініш берушіге немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген өкілге қол қойылып беріледі не тапсырыс хатпен жіберіледі.
      17. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызметінің түрі өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      18. Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және оны алу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Лицензиар лицензияны қайта ресімдеу кезінде тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.
      Лицензияның қайта ресімделгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
      19. Лицензиаттың лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезінде оның
телнұсқасын алуға құқығы бар.
      Жоғалған, бүлінген лицензия бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияларға қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
      Лицензиар өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және жоғарғы оң жақ бұрышына»"Телнұсқа" деген жазбамен лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.

  3. Қорытынды ережелер

      22. Лицензиаттар:
      1) лицензияның күшін тоқтата тұру, тоқтату немесе айыру мәселесі бойынша барлық материалдармен таныса;
      2) лицензиардың заңсыз әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдана алады.
      Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да құқықтары бар.
      23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы лицензиарға бір ай мерзімде хабарлайды.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      24. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензиядан айырғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің түрі алып тасталса тоқтатылады.
      24-1. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтатқан кезде 10 жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады.
      Ескерту. Ереже 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапты болады.
      26. Лицензиаттың мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
      27. Лицензиар:
      1) лицензиат қызметінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметін реттейтін заңнамасына сәйкестігіне тексеру жүргізеді;
      2) заңнаманың нақты бұзылуын көрсете отырып және нақты мерзімде жою жөніндегі ұсыныстармен тексерулердің нәтижелері негізінде актілер (хаттамалар) жасайды;
      3) анықталған бұзушылықты жоюға лицензиатты міндеттейтін шешім
шығарады;
      4) өз құзыреті шегінде лицензиаттардан ақпарат сұратады.
      28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 25 мамырдағы  
N 419 қаулысымен     
бекітілген        

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
      2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
      2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өтуі;
      3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
      1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
      Ескерту. Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 25 мамырдағы  
N 419 қаулысымен     
бекітілген         

  Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
      2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
      2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өтуі;
      3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
      1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
      Ескерту. Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.